Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3375 0 пікір 15 Тамыз, 2011 сағат 04:52

Мұхтар ШЕРІМ. ШАРША-АП КЕТТІМ...

Шіркін-ай, шіркін, мені бір күні президент шақырып алып, бетімнен сүйіп, арқамнан қағып, ойнаған болып, кеудеме түйіп-түйіп жіберіп: «Мыжбан, сен менің мұрагерім боласың, түсімде  бір блатной шал солай аян берді...»  десе ғой....

Шіркін-ай, шіркін, мені бір күні президент шақырып алып, бетімнен сүйіп, арқамнан қағып, ойнаған болып, кеудеме түйіп-түйіп жіберіп: «Мыжбан, сен менің мұрагерім боласың, түсімде  бір блатной шал солай аян берді...»  десе ғой....

Өлә-ә, күйеу баласының іші  «пожар» болып тұрса да, қолымды қысар ма екен-ей? Жұрт сол кісі мұрагер болады деп жүр ғой... Жұрт не демейді, ит не жемейді... Болса болсын, ол да қазақтың бір баласы...  Шіркін-ай, шіркін, бір күні елбасы мені шақырып алып: «Шаршадым, мұрагерім кім болар екен деп, тек соны ғана аңсадым. Сен елдің болашақ президентісің. Сондықтан, менің көлеңкем болып, «істәжірөвкадан» өте бер» десе ғой...  Оппозиция да, былайғы саясаткерлер де:  «Мұрагер Мәсімов болады»  деп таңдайлары тақылдап жүргенде, қайдағы бір сөйлеуге ерінетін жалқау Мыжбан Мәндірбаев президенттің мұрагері болып шыға келсе ше? Премьер- министр Кәрекең Мәсімов құшақтап тұрып, арқамды тырнап алмайды ма екен-ей? Кім білген... Тақ талас деген жама-ан...  Өлә-ә, мен президенттің мұрагері болып шықсам? Бірақ, ерте тұрып, бет-қолымды жууды айтсаңшы... Мен бетімді бес жылда бір рет қана жуамын... Ауылда ауыз су жоқ. Боқ су бар. Оның үстіне ерінемін де, бетімді түкіріктеп «жуа» саламын. Президент болсам, ел аралау керек. Жүреді екенмін де салпақтап... Оның үстіне Шымкенттен Астанаға күнде қалай қатынап істеймін? А, я Астанаға көшеді екенмін ғой. Астанаға көшіп баруды айтсаңшы. Шаршап кетесің. Мәжілістерде түрегеп тұрып сөз сөйлеуді айтсаңшы. Түрегеп тұрып! Алдыңа кеше піскен ет қойып, қазы-қартадан жеп жатып, жата-жамбастап сөйлесең мейлі ғой... Сөйлеуге де ерінемін ғой... Сөзіме сол жердегілер бас шұлғып, қол шапалақтағандарымен, былай шыға бәрін ұмытып кетсе ше? Әкімдер өтірік ақпармен сабаласа ше?  Жаман жалқаумын ғой, осы сөздерді сіздерге жеткізудің өзіне ерініп тұрмын. Бәрінен де халық алдына шығып, қол бұлғауды айтсаңшы! Қолымды қалай ерінбей көтермекпін? Көтерілген қолымды  бұлғауды айтсаңызшы! Түскі тамақ... Дәмді тағамдарды ауызға ерінбей салып, ерінбей шайнау... өлә-ә, оны жұтудың өзі жұмыс қой... Сосын: «Қалайсың, Обама, шәй ішіп кетсей! Қалайсың, Медведов мырза? Келсей, шошқаның салысын жеп кет...»--деп өзге елдің президенттерімен сөйлесудің өзіне ерінетін шығармын. Жамаа-ан еріншекпін.

Әйелім Қатипаш жүгіріп келіп, құшақтай алды:

--Мыжбан, президенттің мұрагері болуыңмен!

--Ойбай, құшақтама!-деймін мен.

--Неге жаным?

--Президентті құқшақтамайды. Басыңды изеп, оң қолыңды жүрегіңнің үстіне қой.

--Менде жүрек жоқ қой...

--Как жоқ?

--«Саған бай болудың өзіне ерініп жүрмін!»--деп жүрегімді «давно» жарып жібер­генсің...

--Сен қанша дегенмен, болашақ президенттің әйелісің. Абайлап сөйле, мәдениетті бол. Біреуі қызыл, біреуі ақ екі бөлек туфли киіп алғаның не?

--Ешкі баққандікі, төпли тапқандікі...

--Өртеп жібер. Бүгіннен бастап, мұрагердің әйелісің! Мен мұрагермін!

Әйелім басын изеп, оң қолын жүрегі тұсына қойып, далаға далақтай жүгіріп, шығып кетті... Солай елестетіп отырмын ғой енді.  Елестетудің өзіне ерініп... Қойшы, президент мұрагері болмаймын!  Не түске дейін ұйықтай алмасам, не базар аралай алмасам, не достарыммен кәйіп болып, сыра іше алмасам, несіне жер басып жүрмін? Асықпаңдар ағайын, президент мұрагері арамызда жүр. Әлі-ақ, жарқырап шыға келеді! Мен жама-ан жалқаумын ғой, керек десеңіздер, шайтан емеспін ғой, әйтеуір бір өлетін шығармын, сол өлудің өзіне ерінемін. Осы жұрт ерінбей, қалай өліп жатыр десеңізші... Шарша-ап кеттім...

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566