Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2024 0 пікір 15 Тамыз, 2011 сағат 14:20

Ақ ордада ТМД мемлекет басшыларының кеңесіне және БҰҰ бас ассамблеясына дайындық мәселелері талқыланды

Астана. 15 тамыз. ҚазТАГ -Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге даярлық мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп президент баспасөз қызметінен хабарлады.

Хабарда атап көрсетілгендей, кеңес жұмысына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин, Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев, Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжин, Президенттің көмекшісі Нұрлан Ермекбаев, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин қатысты.

Премьер-Министр К. Мәсімов пен Президент Әкімшілігінің Басшысы А. Мусин Мемлекет басшысынаҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын іске асыру барысы туралы хабардар етті.

Сонымен қатар кеңес барысында Конституция күнін өткізуге даярлық, алдағы уақытта Душанбеде өтетін ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына, Астраханьдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аймақаралық ынтымақтастығының VIIIфорумына, БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы мен Нью-Йорктегі жоғары деңгейдегі ядролық қауіпсіздік жөніндегі отырысына қатысу мәселелері талқыланды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576