Дүниежүзілік банк басшысы әлемде экономикалық жаңа сілкіністер болуы мүмкін деп болжап отыр – БАҚ
Астана. 16 тамыз. ҚазТАГ - Дүниежүзілік банк (ДБ) басшысы Роберт Зеллик әлемде экономикалық жаңа сілкіністер болуы мүмкін деп болжап отыр, деп «Независимая газета» жазады.
«Біз 2008-ші жылғы қаржылық дағдарыстан мүлдем басқа жаңа дүлейдің алдында тұрмыз», - деп айтқан Р. Зелликтің сөзін келтіреді басылым. Ол Азия қауымдастығының Сиднейде демалыс күндері өткен жыл сайынғы түскі аста сөйлеген сөзінің қорытындысында осылай деп мәлімдепті.
Мақалада, оның айтуынша, инвесторлар негізгі мемлекеттердің экономикалық саясатына деген сенімін жоғалтыпты. Сонымен қатар ғаламдық экономика әр аймақта және секторларда «әр түрлі жылдамдықпен қалпына келуде», ал даму көздері мен жаңа мүмкіндіктер дамушы елдерде.
Р.Зеллик әлем нарығы «жаңа қауіпті аймаққа» кірді деп есептейді. Тамыздың алғашқы апталарында әлемдік белді биржаларында әлемдік белді экономикалардың жағдайына алаңдаушылықтан индекстер күрт құлады.
«Соңғы екі аптада орын алған оқиғалар - яғни Еуропа мен АҚШ-та орын алған білгілі оқиғалар жиынтығы, - көптеген биржалықтардағы әлемдік белді экономикалардың қабылдаған шешімдеріне деген сенімдерін жоғалтуына әкеп соқты. Меніңше, дәл осы оқиғалар мен экономикалық жандану үдерісінің тұрақсыздығының өзі бізді жаңа қауіпті аумаққа тақап тіреген сияқты, мен мұны барынша жауапкершілікпен мәлімдеймін», - деді Р. Зеллик.

ДБ басшысы бұл мәлімдемені «әлемдік лидерлер оған мейлінше жауапкершілікпен қарауы үшін» жасап отырғанан атап көрсетті.
Еске салсақ, тамыз айында тарихта тұңғыш рет Standard& Poors'sрейтингтік агенттік АҚШ-тың несиелік рейтингін ең жоғарғы «ААА» - дан «АА+»-ке дейін төмендетті. Сол кезде Еуропада да Францияның несиелік рейтингі төмендетілуі мүмкін деген қауесет тарады. Италия соңғы бірнеше аптада екінші рет жаңа қатаң экономика жоспарын қабылдағанын мәлімдеді.
Р. Зеллик - 2007-ші жылдан бері Дүниежүзілік банктің 11-ші президенті. Бұған дейін GoldmanSachsбасқарма менеджерінің қызметінде болды.
Дүниежүзілік банк тобына 5 мекеме кіреді - халықаралық қайта құру және даму банкі, халықаралық даму қауымдастығы, халықаралық қаржылық қорпорация, инвестицияларға кепілдік жөніндегі көпжақты агенттік, инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық.