Сенбі, 23 Қараша 2024
3289 1 пікір 7 Қараша, 2019 сағат 16:24

Қазақстан БҰҰ-да адам құқығы ахуалына байланысты есеп беріп жатыр

6 қарашада Женевада БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінде Қазақстан билігінің адам құқығы ахуалына байланысты есебі тыңдалды. Қазақстандық делегацияны бастап келген әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстанның халықаралық қауымдастық алдында алған міндеттемелерін орындауға тырысып отырғанын жеткізді.

Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "халықтың пікіріне құлақ салатын" мемлекет құру туралы мақсат қойғанын, соған сәйкес биліктің "азаматтық қоғаммен тығыз жұмыс жасап жатқанын" алға тартты. Ол мысал ретінде қоғаммен диалог орнатуды көздейтін "ұлттық қоғамдық сенім кеңесі" құрылғанын, оның құрамына құқық қорғаушылар, экономистер, түрлі сала мамандары кіргенін айтты.

Бекетаев Қазақстанның сот ашықтығын қалыптастыруды мақсат етіп отырғанын айтып, қазір сот құжаттарының 90 пайызын онлайнда оқуға болатынын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстанда барлық сот залдары аудио-видео құрылғыларымен жабдықталған. Министр бұған қоса, бала және әйел құқығы, азшылық топтардың құқығы, діни бостандық және өзге салаларда Қазақстанның "жетістіктеріне" тоқталды.

Министр есебінен кейін Қазақстанның адам құқығы ахуалына байланысты сессияға қатысқан өзге мемлекеттер пікірін айтып, кеңес берді. Австрия Қазақстанда құқық қорғаушылар мен белсенділердің қуғындалуы жайлы хабарламаларға алаңдап отырғанын айтты. Австралия елде азаптау фактілерін толық әрі ашық зерттеуге шақырса, АҚШ "ар-намысты қорлау" бабын Қылмыстық кодекстен алып тастауға шақырды. Сонымен бірге сессия кезінде Қазақстан жағына сайлау заңнамасын жетілдіру, бейбіт жиналу құқығын шектемеу, үкіметтік емес ұйымдарды тіркеуді жеңілдету жайлы кеңес берілді.

Қазақстан алғаш рет әмбебап кезекті шолуды 2010 жылы ақпан айында таныстырған. Биыл үшінші рет есеп берді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394