Мемлекеттік кеден қызметі 2019 жылдың 31 желтоқсанында көлікке баж салығының жеңіл тарифі аяқталатынын жеткізген. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қырғызстанға Еуразиялық одақтан тыс елден келетін көліктерге баж салығы бірнеше есеге көбейеді.
Мысалы, 2009 жылы шыққан 2,5 көлемдегі "Toyota Camry" көлігінің баж салығы қазір 1250 доллар болса, 2020 жылдан бастап ол 13 600 долларға шықпақ.
Қырғызстан Еуразия экономикалық одаққа 2015 жылы кіргеннен кейін, көліктер үш жыл бойы одақ аясындағы төлемдермен тасылған. Бірақ 2018 жылы қырғыз үкіметі Қырғызстанға әкелінетін көліктерге баж салығын азайтып, электромобилдерге нөлдік төлем қойған.
Abai.kz