Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1853 0 пікір 17 Тамыз, 2011 сағат 06:35

СҚО-да дәмханаға мина қойдым деп «әзілдеуші» үш жылға сотталуы мүмкін

ПЕТРОПАВЛ, 17 там – Қазақстан жаңалықтары АА. Полиция Петропавлдағы дәмханалардың біріне «Телефон соғып» мина орналастырдым деп, нәтижесінде ондаған адамды дәмханадан шығаруға мәжбүрлеген әзілдеушіні іздеп жатыр, деп хабарлады Сотүстік-Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі.

«Сейсенбі күні Петропавл полициясына қоңырау келіп түсіп, онда белгісіз бір ер кісі қалалық түрік «Дөнер» дәмханасында жарылғыш заттың орналастырғаны туралы хабарлаған», - деп хабарлады сәрсенбі күні Солтүстік-Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Сейсенбі күні шамамен сағат 16.15 кезінде айтылған жерге ІІБ жедел-іздестіру тобы және облыстық ІІД жол полициясы қызметкерлері, «Арлан» арнайы жасақ жігіттері, ТЖ қызметкерлері, ҰҚКД, «желел-жедел жәрдем» келіп жеткен.

«Ең қозғалысы көп көшелердің – Интернационалдық көшесіндегі бес қабатты тұрғын үй толығымен қоршауға алынып, қозғалыс тоқтатылған. Дәмхана көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқаны үшін, полиция үйдің тұрғындарын сыртқа шығаруды ұйымдаструға тура келген», - делінген мекеменің хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияның «Арлан» арнайы жасағы жігіттері арнайы техникамен дәмхананың ішінің барлығын тінтіп шығып, ешқандай жарылғыш зат таппаған. Мұны арнайы үйретілген иттермен ғимартты қарап шыққан кинологтардың өздеріде растаған. Бір сағат өткеннен кейін арнайы жасаққа тоқтату туралы бұйрық берілген.

«Қазір жедел-іздестіру қызметкерлері «әзілқойды» іздеуге кіріскен. Қазірдің өзінде қоңырау дәмхананың алдындағы дүкеннің қасындағы таксофоннан келіп түскені анықталған», - деп түсіндіреді полиция.

newskaz.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562