Сенбі, 23 Қараша 2024
5208 0 пікір 15 Қараша, 2019 сағат 13:30

700 адам Абайдың әнін қосыла шырқады

Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай бастау алған ақын шығармаларын оқу эстафетасын қоғам қолдап, алыс-жақын шетелдіктерге де жолдап жатты. Ал, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының 700 әртісі «Көзімнің қарасы» әнін қосыла шырқап, айды аспанға бір ақ шығарды.

Бұл ақын мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған флешмобтардың ішінде қатысушылар саны жағынан рекордтық көрсеткіш.

Мұндай ауқымды іс-шара өткізіп, Ұлы ақын шығармашылығына көптің көңілін аудару идеясы ұжым тарапынан бірауыздан қолдау тапқан. Бүгінде Қазақстан астанасының филармониясы қаладағы жетекші концерттік және оқу орындарының бірі болып табылады. Онда 11 шығармашылық топ жұмыс істейді: қазақ оркестрі, симфониялық оркестр, үрмелі аспаптар оркестрі, ішекті квартет, камералық хор, «Сарыарқа» халық музыкалық ансамблі, «Шалқыма» халық би ансамблі, «Қорқыт» дәстүрлі музыка тобы, классикалық және эстрадалық вокал, дәстүрлі халық әні бөлімі, «Әлем» эстрадалық би ансамблі

Елордалық филармонияның абыройын асқақтатып, мақтанышына айналған өнерпаздар аз емес. Олардың қатарында, еліміздің музыка қайраткерлері: ҚР халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері Майра Ильясова; Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері: Айтқали Жайымов («Парасат» орденінің иегері), Айгүл Қосанова, Ернар Мыңтаев, Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыркөзов, Алтынай Жорабаева, Гүлзира Бөкейхан, «Құрмет» орденінің иегері Абдурасул Есекеев, Нұрай Танабаев, Нұрлан Бекенов, Шолпан Қорғанбек, Арайлым Рахымқызы және басқаларын айтуға болады.

Филармонияның солистері мен музыкалық топтары Абайдың әйгілі «Желсіз түнде жарық ай» әнін акпеллада орындады. Бас директор Дәкенов Ерлан Ерғазыұлы, қазақтың ұлы ақыны, композитор һәм жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың мерейтойын атап өту маңыздылығына тоқталып, эстафетаны ұжым атынан Қазақстан және Ресей Федерациясының филармонияларына жолдады.

;feature=youtu.be

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522