Сенбі, 23 Қараша 2024
3532 0 пікір 18 Қараша, 2019 сағат 10:39

Қырғызстан Қазақстаннан 50 жейран сұратты

Қырғызстан Қазақстаннан 50 жейран сұратты. Қырғыздар соның көмегімен елде ашатұяқты сүтқоректінің осы түрін сақтап қалғысы келеді. Бұл туралы Қырғызстанның қоршаған ортаны қорғау агенттігі хабарлады.

Мемлекеттік мекеме жейрандарды Ыстықкөлдің солтүстік жағалауына, Орто-Токой су қоймасының оңтүстік-батыс жағына жіберуді көздеп отыр.

"Осы жер жейрандардың өмір сүруіне ыңғайлы. Жақын маңда Орто-Токой су қоймасы бар. Өткен ғасырдың 30-70-жылдары мұнда жейран болған" деді агенттік басшысы Мирслав Аманкулов.

80-жылдары жейран саны күрт кеміген. Қазір мұнда жейран қалмаған.

Агенттік мәліметі бойынша, Қырғызстан мен Қазақстан 50 жейран алу туралы хаттама қабылдаған. Қазір соған байланысты келіссөздер жүріп жатыр.

Жейран Қырғызстанның Қызыл кітабына енген. Оны атқандарға бір миллион сом айыппұл салынады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502