Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6817 0 пікір 20 Қараша, 2017 сағат 06:31

Есірткі саудасы - әлемдік қылмыстың қайнар көзі

Нашақорлық - тек Қазақстанды ғана емес бүкіл әлемді алаңдатып отырған қауіпті дерт. БҰҰ жанындағы Есірткі және қылмысқа қарсы күрес кеңесінің (UNODC - Тhe United Nations Office on Drugs and Crime) мәліметтеріне сүйенсек, дүниеде кемінде бір рет болса да есірткі қолданған кісілер саны 155 миллионнан 255 миллионға (15-16 жас аралығындағы жасөспірімдердің 3,5 немесе 7 пайызы) жетіп жығылатын көрінеді. Ал 2010 жылы Қазақстандағы нашақорлардың саны шамамен 55 мың кісі болған. Сарапшылар бейресми түрде мұның 10 тіпті 20 есеге дейін көп болуы мүмкін дейді. Ресми деректерге сәйкес, жыл сайын тек Ауғанстан есірткісінен жүз мыңға жуық кісі қайтыс болатын көрінеді.

Нашақорлық - тек Қазақстанды ғана емес бүкіл әлемді алаңдатып отырған қауіпті дерт. БҰҰ жанындағы Есірткі және қылмысқа қарсы күрес кеңесінің (UNODC - Тhe United Nations Office on Drugs and Crime) мәліметтеріне сүйенсек, дүниеде кемінде бір рет болса да есірткі қолданған кісілер саны 155 миллионнан 255 миллионға (15-16 жас аралығындағы жасөспірімдердің 3,5 немесе 7 пайызы) жетіп жығылатын көрінеді. Ал 2010 жылы Қазақстандағы нашақорлардың саны шамамен 55 мың кісі болған. Сарапшылар бейресми түрде мұның 10 тіпті 20 есеге дейін көп болуы мүмкін дейді. Ресми деректерге сәйкес, жыл сайын тек Ауғанстан есірткісінен жүз мыңға жуық кісі қайтыс болатын көрінеді.

Әлемде нашақорлықтың кең тарауына мүдделі арнайы қылмыстық топтар мен жекелеген мемлекеттік қызметкерлер бар. Сауатты түрде ұйымдасқан олар есірткі саудасын өркендетуге ат салысуда. Статистикалық деректер есірткі саудасының қыруар пайда әкелетінін айғақтайды. Мәселен, бір гектар бидайдан түсетін табыс 150 АҚШ доллары болса, бір гектар апиыннан келетін табыс көлемі 3 000 АҚШ долларын құрайды. Есірткі саудасы жекелеген адамдардың пайдасына жүргізілгендіктен маңыздылығы жағынан әлемдік мұнай саудасынан еш кем емес деуге негіз бар. Қазіргі таңда астыртын жүргізілетін есірткі саудасы тарихта ашық түрде, әрі алпауыт мемлекеттердің сыртқы саясаты ретінде жүргізілген. Мәселен, «күн батпайтын империя» болған Англия ХІХ ғасырда Үндістанға есірткі ектіріп, қытайлықтарға оны шектіру арқылы қыруар табысқа кенеліп отырды. Отар елдерді қанаған Англияның бұл әрекеті Қытайдағы атақты «Апиын соғыстарын» туғызған болатын.

Есірткі саудасы терроризм, экстремизм және діни радикализмнің кең қанат жаюына мүмкіндік беріп отыр. Өйткені Ауғанстан жерінде есірткіні өндіріп, экспорттаушылар көбіне террористік және экстремистік ұйымдардың өкілдері болуда. Сондықтан есірткі саудасынан түсетін қаржы Ауғанстандағы тұрақсыздықтың қайнар көздерінің бірі дей аламыз. Сондай-ақ, әлемдік ірі есірткі саудалаушылары есірткінің төлемі ретінде кей-кездері Орталық Азияға қару-жарақ жөнелтіп отырады. Сондықтан бұл топтар Ауғанстан жерінде тұрақсыздықтың болуына тікелей мүдделілік танытып отыр дей аламыз.

Әлемдік есірткі саудасының дамуына мемлекеттік шенеуніктердің де ат салысып отырғанын айту керек. Ауғанстаннан әлемнің түкпік-түкпіріне таралғанға дейін есірткі заттары көптеген елдердің шекарасын басып өтеді. Өйткені, есірткі тасымалының 70 пайызы автокөліктер арқылды, 20 пайызы пойыздар арқылы, 10 пайызы әуе жолдары арқылы жүзеге асырылуда. Транзит елдерде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиісті арнаулы қызметкерлердің көбісі есірткі саудасына көз жұмып қарауда. Өйткені шебер ұйымдастырылған есірткі сауда жүйесі мемлекеттік қызметкерлердің көбісімен сыбайласып өз мақсаттарын жүзеге асырып отыр.

Есірткімен күреске әлем мемлекеттері болып жұмылғанымен есірткі саудасының көлемі жылдан-жылға артуда. 1999 жылғы мәліметтерге сәйкес, Ауғанстанда апиынды геройнге айналдыратын 5 фабрика, және Бадаһшан, Жалалабад және Құндызда есірткі заттарын тұтынуға әзірлейтін 75 лаборатория жұмыс істейтіндігі анықталған болатын. Ал тек қана Бішкектің өзінде апиынды геройнге айналдыратын 36 лаборотория анықталған болатын. Тіпті, Қандағар аумағында арнайы есірткі биржасының жұмыс істейтіні де белгілі. Апиынннан геройн өндіретін әлемде 400 лаборотория жұмыс істеуде. Ал кейбір ақпараттарға сәйкес, жылына Ауғанстаннан 3 мың тоннаға жуық таза геройн алынатын көрінеді. Елдегі есірткі алқаптарының көлемі жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен, Ауғанстанның тек Гильменд облысында өндірілетін есірткі бүкіл Колумбиядан экспортталатын есірткіден де көп.

Қазіргі таңда әлемдік есірткі саудасының жылдық тауар айналымы шамамен 400 млрд. АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде Ауғанстаннан экспортталатын апиын және апиыннан өндірілетін геройнның үлесі 100 млрд. АҚШ доллары. Ауғанстан есірткісі әлем елдеріне негізгі үш бағыт бойынша тасымалданады:

- Солтүстік бағыт. Бұл Орталық Азия елдері арқылы Ресейге, Ресей арқылы Еуропаға тасымалданатын транзит жолы;

- Батыс бағыт. Бұл Иран мен Түркия территориясы арқылы Еуропаға жеткізілетін жол. Бұл бағыттың Кавказға бұрылып, Ресей территориясына өтетін тармағы бар.

- Оңтүстік бағыт. Бұл Пәкістан территориясы арқылы әлемдік мұхитқа шығарылатын жол.

Аталған үш бағыттың біріншісі арқылы есірткінің 60-70 пайызы тасымалданатын көрінеді. Бұл біздің ел үшін де үлкен қатер. Мұның зардабын көбіне қарапайым халық тартуда. Осы күнге дейін есірткімен күрес мақсатында көптеген әскери операциялар өткізіліп келеді. Тәркіленген есірткі көлемі алып айсбергтің тек бізге көрінетін бөлігі ғана.  Шын мәнісінде мұның артында есірткі саудасын өмірлік кәсіп қылушы алпауыт қылмыстық топтар тұр.

Есірткі саудасымен күрестің тағы бір кемшін тұсы - операцияларды жекелеген елдер немесе белгілі-бір ұйымдар ғана өткізіп отырады. Бұл есірткі транзитінің операция өткізуші аймақты айналып өтуіне негіз болуда. Сондықтан Ауғанстанды айнала жүйелі түрде есірткі саудасымен күресетін арнайы ұйым құру қажеттігі байқалады. Әрине, егер бұған ықпалды тұлғалар ниетті болса.

«Абай-ақпарат»

 


[1] Зеличенко А. «История Афганской наркоэкспанции 1990-х» http://nationalsecurity.ru/library/00035/00035afg_drugs6.htm

[2] Боришполец К. «Наркотрафик центральноазиатской зоны. Вызовы борьбы» // ЦентрАзия интернет порталы, 27.05.2010

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458