2019 жылы 31 желтоқсанда Қырғызстанда үшінші елден әкелінген автокөліктерді кеденде жеңілдікпен рәсімдеу аяқталады. 2020 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық экономикалық одағының тарифтері күшіне енеді.
Автокөлікті кеденде рәсімдеу бірнеше есе қымбатқа түседі. Мысалы, Toyota Camry (2009, қуаты 2,5 литр) автокөлігін қазір 1250 доллармен елге кіргізіп жүр. 2020 жылы ол 13 600 доллар болады.
Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа 2015 жылы тамызда кірді.
Abai.kz