Сенбі, 23 Қараша 2024
4362 12 пікір 22 Қараша, 2019 сағат 11:05

Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз әкімін жұмыстан қуды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы мектептердің біріндегі дәретханада 12 жастағы қызды зорлау оқиғасынан кейін қала әкімі Қайрат Досаевты қызметінен босатуды бұйырды.

Тоқаев Twitter парақшасында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке ескерту жасағанын да хабарлады.

Тоқаев твитінде "Досаев жұмысында жүйелі кемшіліктер жіберген" деп те жазды. Артынша Жамбыл облысының әкімдігі Досаевтың жұмыстан босатылғанын, оның орынбасары Бейсенбек Жанбосынов әкім міндетін уақытша атқаратынын хабарлады.

Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым.

Қайрат Досаев Тараз қаласының әкімі болып биыл сәуірде тағайындалған.

Қараша айының ортасында Таразда ер адам мектептердің бірінде ауладағы дәретханаға сабақ кезінде сұранып шыққан 7-сынып оқушысын зорлаған. Бұл оқиғадан кейін мектептің бірнеше қызметкері жұмыстан қуылған. Полиция 38 жастағы ер адамның ұсталғанын, оның бұрын сотталғанын хабарлады.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395