Сенбі, 23 Қараша 2024
3160 0 пікір 25 Қараша, 2019 сағат 12:23

Ұлттық тестілеу орталығының экс-директоры сотталды

ҚР Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы Рамазан Әлімқұлов пара алғаны үші сотталды. Бұл туралы антикоррупциялық қызметтің баспасөзі хабарлап айтты.

«Қараша айының 22-і күні Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық соты Әлімқұловты кінәлі деп танып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырды және өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуға тыйым салды», делінген ведомства мәлімдеметінде.

Рамазан Әлімқұлов биыл мамырда қамауға алынған. Оған қонақ үй қызметін көрсету туралы келісімшарты бұзбағаны, орындалған жұмыстың актілеріне еш кедергісіз қол қойып беріп отырғаны және қамқоршылық жасағаны үшін   5 миллион теңге көлемінде пара алды деген айып тағылған.

Ол Ұлттық тестілеу орталығын 2016 жылдан бері басқарған.

Ұлттық тестілеу орталығы Ұлттық біріңғай тестілеу (ҰБТ), кешенді тестілеу, орта және жоғарғы білім бері мекемелеріндегі оқу жетістіктерін бағалау, педагогтардың кәсіби біліктілігін тестілеу, ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы қазақ тілін меңгеруін тестілеу т.б. жұмыстармен айналысады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371