Жұма, 22 Қараша 2024
Тағайындау 4777 13 пікір 26 Қараша, 2019 сағат 12:50

Марат Тәжин Чехияға елші болып тағайындалды

Марат Тәжин Қазақстанның Чехиядағы елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Марат Тәжин 1960 жылы 8-ші сәуір күні Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1981 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы.

1999-2001 жылдары ҚР президентінің қауіпсіздік мәселелері бойынша көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, 2001 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, 2007-2009 жылдары Сыртқы істер министрі, 2014-2017 жылдары ҚР Ресей Федерациясындағы елшісі болған. 2019 жылдың наурызынан қыркүйегіне дейін Мемлекеттік хатшы қызметін атқарған. Кейіннен оның орнына Қырымбек Көшербаев келген.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320