Жұма, 22 Қараша 2024
Талқы 5163 3 пікір 26 Қараша, 2019 сағат 16:31

Космомониторинг не үшін керек?

Біз неге жерді ғарыштық бақылау арқылы, цифрлық мониторинг арқылы қадағалауымыз керек? Бұл мәселе не үшін маңызды болып отыр?

Сонымен, өз реті бойынша бастайық. Біздің еліміздің аумағы 270 млн. гектар. Шамамен, оның 100 млн. гектары ресми түрде ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылуда. Оның ішінде (99%-ы) жалға берілді. Ал (шамамен 1%-ы) жеке меншікте.  Енді жаңағы 100 млн. гектардың 25 миллионы – егістік,  73 млн. гектары – жайылым жерлер.

Бұл 100 млн. гектар, шамамен 100 мыңдай жер пайдаланушыға тиесілі. Мемлекеттік ресми статистика хабарлағандай, 200 мың субьектіге емес, есіңізде болсын!..

Енді осы 25 млн. гектар егістік жер мен 73 млн, гектар жайылым жер қалай пайдаланылып жатыр? Талдап көрейік...

Не жақсы, не жаман дегенді түсіну үшін бірыңғай көзқарастар жүйесі керек. Бағалау керек. Мұндай жүйе Жер кодексінде көзделген. Оған сәйкес қабылданған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану ережелері бар. Ол а/ш мақсатындағы жерлерді пайдалануға қойылатын талаптар жиынтығы болып табылады.

Бұл не талаптар?

Егістік жерлер бойынша: топырақтың агрохим құрамын сақтау, жыл сайынғы егістік дақылдары мен белгілі бір деңгейде өнімділікті алу бойынша талаптар (бір жұпқа бір жыл есеп емес).

Жайылым жерлер бойынша: бұл жайылымдар типтері мен жануарлар түрлері бөлінісінде заңнамамен бекітілген бір гектарға барынша және азынша жүктеме нормаларын сақтау.

Мемлекет не үшін мұндай талаптарды белгіледі?

Жер мемлекет меншігінде екендігін еске сала кетейін. Сондықтан
жерді Үкімет талап ететіндей пайдалану керек. Үкімет талапты неге негізделіп отыр? Жер жұмыс жасауы керек. Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілуі керек. Жұмыс орындары құрылуы керек. Ол ауыл тұрғындарына кіріс әкелуі және түрлі салықтар түрінде мемлекеттік бюджетке кіріс әкелуі тиіс.

Шын мәнінде, біздің жер енді не болады? Жерді пайдаланушылардың белгілі бір бөлігі жерді өте тиімді және адал пайдаланып отыр. Олар шынында нағыз фермерлер. Бірақ, өкінішке орай, бұл категория барлық жер иеленушілерге пайдаланылмайды.

Миллиондаған гектар егістік алқаптарын арамшөп басып, ауру көрші егістіктерге таралып жатыр. Бұл адал жұмыс жасап жатқан шаруалардың жұмысына айтарлықтай кедергі келтіреді. Ауру тараған егістік жұмысы екі жылға тоқтайды.

Жайылымдардың 40 млн. гектардан астам жердің тек жартысында ғана жануарлар бар. Мысалы, 20 млн. гектардың тек 20%-ға жуығында бар.

Міне, осындай жер иеленушілерді президент Қ.К.Тоқаев «шөп қорыған» деп атады. Енді олармен не істеуге болады? Анықтау керек және жермен жұмыс істеуге ынталандыру немесе оны мемлекетке қайтару керек. Болды.

Қалай анықтаймыз немесе қалай ынталандырамыз? Білесіздер, қазір екінші жыл қатарынан ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру жүріп жатыр.

Әңгіме мынада жерді беру - учаскелермен жүзеге асырылады. Олардың мөлшері көбінесе егістіктер немесе жайылым учаскелерінің мөлшерінен асады.

Көбінесе, астықты облыстарда учаскелер бірнеше мың гектарлап берілген. Оның ішінде егістіктер де, жайылымдар да болуы мүмкін. Ал жер кадастры учаскенің координаттарын ғана қамтиды. Онда осы учаскенің ішінде егістіктің қайда, ал жайылымның қайда екені туралы ақпарат жоқ. Сондықтан, егістік жерлер мен жайылым жерлердің қайда және қанша көлемде екенін анықтау үшін цифрландыру жұмыстары жүргізіле бастады.

Цифрлау жер учаскесінің периметрі (контуры) шегінде егістіктер мен жайылымдар контурының виртуалды жеке кабинетінде көрсету процесі болып табылады. Осылайша, ауданы 10 мың гектар учаскелер бірнеше нақты егістіктер мен жайылымдарға бөлінген.

Нәтижесінде 25 млн. гектар егістік жер мен 60 млн, гектарға жуық жайылым жер цифрландырылды. Яғни, ауылшаруашылығы жерлерінің 90%-ы қазірдің өзінде цифрландырылды және оны жер иеленушілердің өздері жасады.

Цифрландыру бізге не береді?

Енді, жүйеде әрбір егістіктің, жайылымның, шабындықтың, бақтың нақты контурларының координаттары пайда болды. Әрбір контур бойынша жерді қашықтықтан зондтаудың халықаралық деректер қорына жүгінуге болады.

Ең алдымен бұл американдық және еуропалық ғарыш агенттіктерінің депозитарийлері. Олар жерді қашықтықтан зондтау арқылы жерсеріктерінен алынған деректерге тегін қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Нақты егістік жерлердің егістік мақсатында пайдаланылып жатқанына көз жеткізу үшін "индекстер" деп аталатын өңдеу қорытындысын алу жеткілікті.

Индекстер әртүрлі болады. Бұл өсіп-өнудің, ашық топырақтың, жапырақ бетінің, биомассаның және т. б. индекстері. Индекстер жердің
фотосуреттерінде емес, әртүрлі мультиспектралды сенсорлардың деректерінде құрылады.

Фотосинтез процессі жасыл заттар - хлорофилл құрумен жүретіндігін есте сақтауыңыз тиіс. Ал жерсерік сенсорлары хлорофиллді көреді. Әркім өз жерлерін "Qoldau-дың" жеке кабинетінде көріп бақылай алады. Онда тіпті цифрландырған, өз егістіктерін әртүрлі индекстерде, кестелер мен контрасттарда көреді алады. Өз жеріңіз туралы барлық ақпарат тегін әрі толығымен қолжетімді.

Осылайша, жерсеріктер деректерін және оларда құрылған индекстік бағалауды пайдалана отырып, егістік егілгендігін немесе егілмегендігін анықтауға болады.

Иә, алғашқыда наразылықтар болады. Бірақ олар вегетациялық кезеңде жоғары ажыратымдылық суретін сатып алумен оңай шешіледі. Яғни, ғарыш мониторинг деректерімен дауласу бекершілік. Олар объективті бейнежазба сияқты. Деректер соңғы 10 жылда үш күнде бір рет мерзімділікпен қолжетімді.

Сондықтан, енді егістікте жұмыстар барына немесе жоғына көз жеткізу үшін онда барудың қажеті жоқ. Бір ғана батырманы басу арқылы пайдаланылмай жатқан егістіктерді анықтауға болады. Бұл жүйе қазірдің өзінде қолжетімді.

Ал енді пайдаланылмай жатқан жайылым жерлерді қалай анықтауға болады? Бұл тіпті оңай.

Бұл жерде ғарыштық жүйе тіпеті керек те емес. Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру деректері қорында ветеринариялық есепке алуы деген бар. Есепке алу мал иелерінің БСН, ЖСН-ы және жануарлар түрлері бойынша жүргізіледі.

Жайылым гектарына қарай ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі бекіткен жануарлар жүктемесінің нормативі бар. Осылайша, мал иелерінің саны мен мал санын жайылымдар көлемімен салыстырсақ, онда жүктеме коэффициентін оңай алуға болады. Егер коэффициент 20%-дан аспаса, онда жайылым пайдаланылмай жатқан болып есептеледі. Егер 100%-дан асса, онда артық күш түсірілген және ұтымсыз пайдаланылатын жайылым деген сөз.

Талқыланған бұйрық жобасында жайылымды пайдаланудың ұтымсыз көрсеткіші ретінде 20 және 50% арасындағы дәліз енгізу ұсынылады. Меніңше, жайылым әлеуеті ең құрығанда жартылай жүзеге асырылуы тиістігімен қарсы келу қиын.

Осындай қарапайым, есептік жолмен пайдаланылмайтын, сондай-ақ ұтымсыз пайдаланылатын жайылымдарды анықтауға болады. Осылайша, біз қалай жерді анықтауын білдік. Енді жер иеленушіні оны ұтымды пайдалануға қалай ынталандыру керек деген мәселеге тоқталайық...

Мұнда жаңадан ештеңе ойлап шығарылмаған. Барлығы Жер кодексінде жазылған. Ұтымсыз пайдаланылатын жерлер анықталған соң, арнайы есепке қойылады және жылжымайтын мүлік тіркелімінде бір жылға ауыртпалық салынады. Бір жыл ішінде олармен қандай да бір мәмілелер жасауға болмайды. Жыл өткен соң анықталған сәйкессіздікті жою үшін тексеру жүргізіледі. Егер жерді пайдаланылғаны немесе кемістіктер жойылғаны анықталса, онда қолданылған шектеулер де алынады. Егер жер ұтымсыз пайдаланылғаны қайтадан анықталса, онда ол жер алып қоюға жатады. Және мұндай практика барлық жерде жүзеге асырылады.

Енді кейбір оппоненттердің осындай цифрлық жерлер мониторингі наразылықтарын талдап көрейік...

Біріншіден, олар егістіктер, жайылымдар туралы есептік кітапты сынады. Оларды жүргізу қиын дейді. Шын мәнінде, бұл олай емес. Егістіктердің, жайылымдардың есептік кітабы қазірдің өзінде 90%-ға жасалған. Өйткені, әрбір жер иесі "Qoldau" порталында қазірдің өзінде бар. Сол егістіктер, жайылымдар электронды карта болып табылады.

Сонымен қатар, барлығы егіс бойынша статесептілік нысандарын тапсырғанда, қандай да бір жаңа есептілік түрі туралы айту ақымақтық. Яғни, жаңадан ештеңе ауыстырылмайды. Тек қолданыстағы формат бекітіледі.

Айтпақшы, қазірдің өзінде "Qoldau-да" цифрланғандар үшін статесептілікті жою мақсатында Статистика комитетімен келіссөздер жүргізілуде. Қазір Статком мұны толығымен қолдап та отыр. Себебі цифрлық формат статистика дұрыстығының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Және әкімдіктер мен олардың қызметкерлеріне тиімді ауыл шаруашылығында қосып тіркеуін соңына қоюға мүмкіндік береді.

Есептік-тарихтар кітабын жүргізу бойынша талаптарды орындамау учаскені алып қоюға әкеп соқтыратыны туралы оппоненттердің мәлімдемелеріне қатысты, мұндай мәлімдеме жалған болып табылады. Өйткені алып қою - сәйкессіздік анықталғаннан кейін тек 1 жылдан соң ғана жүзеге асырылады.  Яғни, алып қою үшін негіз болып немесе негіз болмаған фактінің өзі емес, инспектордың тарихтар кітабын жүргізу бойынша ұйғарымын орындамау фактісі табылады.

Егістіктердің электрондық карталарын бірнеше секундтар ішінде көрсете отырып («егістіктер тарихтары кітабын толтыру» оқыңыз), және осылайша инспектордың наразылықтарын алып тастауға болады. Сосын, порталдағы тарихтар кітабын жүргізу ақылы болуына байланысты деген әңгіме, бұл оппоненттердің өтірігі. Себебі, портал тегін.

Шетелдік компаниялардың жерсерік деректерін пайдалануға қатысты. Иә, бұл шындық. Бірақ қандай да бір жат деректермен ұсынылған. Өйткені, Жер айналасында 2 мыңнан астам жерсеріктері бар. Және осы 2 мыңның тек 2-уі Қазақстанға тиесілі. Бұл ретте біреуін франциялықтар, ал екіншісі орыстар жасаған. Екі қазақстандық жерсеріктің әлеуетін қоса алғанда - бұл барлық шетелдік жерсеріктерінің мүмкіндіктерімен жай ғана салыстырғанда, тіпті еш нәрсе емес.

Алайда қазірдің өзінде Қазақстанның барлық жер иеленушілері "Qoldau" порталының жеке кабинеттерінде қолжетімді. Келісерсіз, басқа елдер ақпаратпен ашық және тегін біздің елмен бөліскенде, өз азаматтарымыздың кертатпалығы ақымақтық.

Жалпы алғанда, жерлердің цифрлық мониторингін ілгерілету мақсатын түсіндіргім келді. Барлығыңыз білесіздер, Қазақстан аумағы бойынша әлемде 9-шы орында тұр. Қазақстанның халқы 18 млн. адамды құрайды. Бұл әлемдік өлшем бойынша бір ірі қаланың халқы. Осындай жағдайларда Қазақстанда ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетіндер үшін бос жер жоқ. Бұл парадокс. Мұндай қазақстандық парадокс проблемасы бар жерлерді
цифрлық мониторингімен анықтау арқылы оңай шешіледі.

Цифрлық және ғарыш мониторингі әдістеріне көшу - жалпы ауылдағы елдің шаруашылығын дамыту үшін оң нәтиже мен импульс беретіндігіне, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын азаматтардың әл-ауқатын арттыру бойынша мақсатты қызмет ететіндігіне сенімдімін.

Мұхтар Тайжан,

Қоғам қайраткері, экономист.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320