Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2425 0 пікір 23 Тамыз, 2011 сағат 07:08

Алматы облысында проблемалық үлескерлерге көп қабатты 28 үй салынуда

Талдықорған. 23 тамыз. ҚазТАГ - Алматы облысында үлескерлердің проблемасын шешуге 2139 пәтерден тұратын 28 жаңа көпқабатты тұрғынүй салынбақшы, деп облыс әкімінің орынбасары Болат Такенов мәлім етті.

«Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен Т28,721 млрд бөлініп, оның ішінде: Т11,566 млрд - инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысына деп, Т17,155 млрд «Премьера» ЖҚК (игерілген қаржы Т6,079) бөлінген. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ уақытша қаржылық көмегі Т1,024 млрд болды. Тапсырыс беруші ретінде Алматы облысының әкімшілігінің өкілетті мекемесі - «Жетісу Жаңа Құрылыс» тағайындалды», - деп әкім орынбасары мәлім етті.

Оның айтуынша, Алматы облысында 2011 жылы 9 тұрғынүй кешенінде 2489 үлескердің проблемасы шешілмей қалған.

Тұрғынүй Қалқаман селосында алты проблемалық кешеннің  2111 үлескері үшін, оның ішінде «Премьераның» - 832 үлескері, «Елімайдың» - 728 үлескері, «Шығыс» - 370, «Ақсай бөктері» - 129, «Алма бағы» - 38, «Өркен» - 14 үлескер бар.

Құрылысты конкурсқа қатысқан 42 компанияның арасынан жеңіп шыққан алты комапния - «АГС Пласт» ЖШС, «Меридж Групп» ЖШС , «Геостройсервис» ЖШС , «Таймас» ЖШС, «Шымкентстрой» ЖШС , «Келешек» ЖШС жүргізіп жатыр, деді Б.Такенов.

Құрылыс территориясы 7,56 га, үйлердің жалпы алаңы - 219,4 мың шаршы метр, тұрғын үй ауданы - 196 мың шаршы метр. Құрылыс 2011 жылғы сәуірде басталып, 2012 жылғы 30 мамырға барлық нысан құрылысын аяқтау жоспарлануда.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394