Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 4335 2 пікір 28 Қараша, 2019 сағат 12:06

"КСРО ой бостандығын озбырлықпен жаншыды"

Шығармашылық жолын символизмнің эстетикасын қабылдаудан бастаған Андре Жид әлем әдебиетіне зор ықпалын тигізген ірі суреткерлердің бірі. Өкінішке қарай, қайта құру дәуіріне дейін Совет Одағында жазушы шығармаларының басылуына қатаң тиым салынып келді. Оның өз себебі де бар.

1930 жылдары белгілі қаламгер Андре Жид та көптеген батыс зиялыларының өкілдері сияқты өзінің назарын Шығысқа аударған болатын. Фашистік Германия бүкіл Еуропаны жауыздықпен басып алып жатқанда атақты жазушы Совет Одағының ғана оған қарсы тұра алатынына қатты сенімді болды. Сол жылдардағы қаламгер күнделігінде «Жүрегіммен, жігеріммен және барлық ойыммен мен комунистпін» деп жазылған сөздер бар. Бірнеше мәрте ол Совет Одағын ашық қолдап, сөз де сөйлейді.

1935-1936 жылдары Совет Одағында жазушының 4 томдық шығармалары да жарық көрді. Міне осы оқиғадан кейін 1936 жылдың жазында комунистердің шақыруымен жазушы Совет Одағына келіп, ондағы болып жатқан өзгерістердің өзі ойлағандай жақсы емес екеніне көзі жетті. Қызыл коммунистердің мемлекетін көзімен көрген кездегі алған әсерін француз қаламгері «ССРО-дан оралу» атты очеркінде білдіріп, ол бұл елде ой бостандығының жоқтығын, әдебиет пен қоғамдық өмірдің қатаң бақылауда екенін жасырмай айтты.

Досына жазған бір хатында Андре Жид былай деді: «Сәл ғана қарсылық пен болмашы сын үшін де адамдар қатаң жазаланып, зорлық-зомбылыққа ұшырап жатады. Әлемдегі елдердің бірде-біреуінде, тіпті, гитлерлік Германияда да ой бостандығы тап осындай үрей туғызып, биліктің озбырлығымен жаншылып тасталған емес».

Жазушының комунистік режимге қаратылып айтылған сыны «ССРО достары» саналатын Ромен Роллан мен Лион Фейхтвангер сияқты шетелдік қаламгерлердің наразылығын туғызып, олар Жидқа қарсы кітап та жазды.

Бірақ Андре Жид та үнсіз қалмай, өз атына айтылған сынға жауап беріп, Совет Одағына қаратып тағы да неше түрлі ауыр сөздерді айтуға дейін барды.

Міне осы оқиғадан кейін әлемге әйгілі қаламгердің есімі «қара тізімге» ілігіп, бірде-бір шығармасы Совет Одағында «қайта құру» дәуіріне дейін жарық көрген жоқ.

Амангелді Кеңшілікұлының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321