ҚМГ БӨ төрт көмірсутегі шикізатын барлау келісімшартын сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтады
БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ
Астана, 24 тамыз 2011 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») Қазақстан Республикасындағы көмірсутегі шикізатын барлау жөніндегі төрт келісімшарттың аясында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-нан («ҚМГ ҰК») 100 % жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу жөніндегі мәміленің аяқталғанын хабарлайды.
Бұған дейін түсіндірілгендей, ҚМГ БӨ төрт келісімшартты: Темір және Теріскен учаскелерін, Қаратон-Сарықамыс блогын және Өзен және Қарамандыбас кенорындарына жақын орналасқан аумақты сатып алды.
Ақырғы сатып алу құны 43,8 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде 40 млн. АҚШ доллары 4 келісімшартты сатып алу құнын, ал 3,8 млн. АҚШ доллары ҚМГ ҰК-ның 2011 жылы мәмілені жапқанға дейін Теріскен блогы бойынша жұмыс бағдарламасын қаржыландыру шығындарына байланысты бағаның түзетілуін қамтиды.
Бұған дейін мәмілені ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі мен ҚМГ ҰК Директорлар кеңесі мақұлдаған болатын. Барлық реттеуші органдардың қажетті рұқсаттары алынды.
АНЫҚТАМА

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2010 жылы 13,3 млн. тоннаны (тәулігіне 270 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды. Компанияның жай және артықшылықты акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары - Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2010 жылдың шілдесінде халықаралық Standard & Poor's агенттігі Компанияның несиелік рейтингін «ВВ+» деңгейінде, ал 2010 жылдың қарашасында «GAMMA-6» корпоративтік басқару рейтингін растады.
Темір және Теріскен учаскелері Ақтөбе облысында «Қазақойл Ақтөбе» және «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-терінің активтеріне, сондай-ақ ҚМГ БӨ қызығушылығын білдіретін басқа да активтерге жақын орналасқан. Келісімшарттық аумақтардың географиялық жағынан қолайлы орналасуы бірқатар басымдықтар, оның ішінде инфрақұрылымдық-логистикалық басымдықтар береді.
Өзен және Қарамандыбас кенорындарына шекаралас аумақ «Өзенмұнайгаз» ӨФ қызмет аймағына жақын орналасқан. Қаратон-Сарықамыс блогы Атырау облысында, «Ембімұнайгаз» ӨФ қызмет аймағында Құлсары кенорнының оңтүстік-батысына қарай 100 шақырым жерде орналасқан.
Компанияның алдын-ала бағалауы бойынша, барлық блоктар бойынша геологиялық ресурстар[1] шамамен 1,5 млрд. баррель мұнай баламасын құрайды.
Өзен және Қарамандыбас кенорындарына шекаралас аумақ, Қаратон-Сарықамыс блогы және Темір учаскесі бойынша келісімшарттардың мерзімі 2010 жылдан бастап 2019 жылға дейін ұзарту құқығымен 6 жылды, өз кезегінде Теріскен учаскесі бойынша 2006 жылдан бастап 2015 жылға дейін ұзарту құқығымен 6 жылды құрайды.
Байланыстық ақпарат:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7600)
[1] мұнай алу коэффициентін түзетуді қоспағанда