Бейсенбі, 1 Қазан 2026
Пікір 6422 7 пікір 3 Желтоқсан, 2019 сағат 11:25

Ел аты емле ережесіне бағынбай ма?

Қазақ тілінде үш дауыссыз тіркес сөздің ортасында алдыңғы екеуі үнді-қатаң болып қана келе алатыны белгілі. Бұған құмырсқа, есірткі, қалтқы, тағы сол сияқты сөздерді мысалға келтіруге болады.

Алайда «Қазақстан» сөзіне назар аударсақ, үш қатаң дыбыс таңбасы тіркесе жазылып, тіліміздің заңдылығына бағынбай тұрғанын аңғарамыз. Дұрысында, бұл сөз «стан» қосымшасының алдынан ы дәнекер дыбысының таңбасы қойылып, «Қазақыстан» не «Қазағыстан» түрінде жазылуы керек қой. Бұлай жазсақ, не ерсілігі бар еді? Мысалы, «стан» қосымшасын пайдаланатын өзбек, түрікмендер Өзбекистан, Түркменистан деп жазып отырған жоқ па?!

Мүмкін, «Қазақстан» деп жазуды ұсынушылар ы дыбысының латынша таңбасы жоқ болғандықтан ел атының халықаралық жазылуында қиыншылық болмасын деген шығар. Егер ы-дан қашамыз десек, «Қазақ елі», «Қазақия», тағы сол сияқты атауларды-ақ беруге болмай ма?

Тоқ етері, қалай болғанда да, қазақ елінің атының қазақ тілінің заңдылығына бағынбауының келісі жоқ. Сондықтан жаңа әліпбиге көшпей тұрып, еліміздің атының дұрыс жазылуын ойластырған жөн.

Қуантқан Ванов

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 253
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 260
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 308