Ақтөбеде колледжді Т3 млн-ға тонап кеткен қылмыскерлер ұсталды
Ақтөбе. 25тамыз. ҚазТАГ -Ақтөбе полициясы гуманитарлық колледжді Т3 млн-ға тонап кеткен қылмыскерлерді қолға түсірді, деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиев.
«Таңғы сағат 4 шамасында бетперде киген белгісіз біреулер колледждің ғимаратына кіріп, 47 жасар күзетшіні байлап, есепшінің сейфін бұзып, Т3 млн ақша мен екі ұялы телефонды алып кеткен», - деді ол бейсенбі күні журналистерге.
Жақында патрульдік-бекеттік қызметтің қызметкерлері «Дастархан» дүкенінің қасында Toyota Avensis автокөлігінің салонында отырған үш жігітті байқап қалған, олар тәртіп сақшыларын көре сала, бірдеңені жасыруға тырысқан.
«Олар таратылған сипаттамаға келді. 20 жасар жігіттердің бірі гуманитарлық колледжге қарақшылық шабуыл жасағанын мойындады. Полиция қызметкерлері көліктен Т2,48 млн көлеміндегі ақшаны тауып, тәркіледі», - деді А. Иманғалиев.
Сондай-ақ, ұсталған жігіттің сыбайласы Алға қаласының 25 жастағы тұрғыны болғаны анықталды, ол ұрланған ақшаның бір бөлігіне BMW маркалы көлігін сатып алған болып шықты.
Күдіктілер қамауға алынды. ҚР ҚК 179 бабының 2 бөлімі - «қарақшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.