Ли Мён Бак Астананың құрметті азаматы атанды
Астана. 26 тамыз. ҚазТАГ - Корея Республикасының президенті Ли Мён Бакке «Астана қаласының құрметті азаматы» құрметті атағы берілді, деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.
«Құрметті атақ Корея Республикасының президентіне Астана қаласы мәслихатының шешімімен Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту ісіне қосқан үлкен үлесі үшін берілді», - делінген Ақорданың ресми сайтындағы ақпаратта.
Еске сала кетейік, КореяРеспубликасының президенті 24-25 тамызда Қазақстанға ресми сапар жасады.