Алматы облысында 2 фермер жүгері өсіруге жалға алған жер телімінде 1600 түп сора өсірген
Талдықорған. 26тамыз. ҚазТАГ - Алматы облысында 2 фермер жүгері өсіруге жалға алған жер телімінде 1600 түп сора өсірген, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі.
«26 және 39 жастағы екі фермер жүгері өсурі мақсатында жер телімін жалға алған, алайда бұл сора өсіру үшін айтылған сылтау ғана болды. Сораның 1640 түбі табылды», - деп мәлім етті ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет.
Оның айтуынша, тәркіленген сораның жалпы салмағы 353 кг құрады.
«Сондай-ақ, фермерлер жалға алған үйден аңшы мылтығының 50 оғы табылды. Оларда оқ-дәрі сақтауға рұқсат қағазы болмаған», - деді ІІД өкілі.
Ұсталғандарға қатысты «өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру» және «қару-жарақты заңсыз сақтау» бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.