"Ливияға әскер жіберу туралы мәселен, Ресейдің жеке әскери компаниясы сол жаққа сарбаздарын жіберді. Егер Ливия сұрау салса, біз де әскери қауіпсіздік туралы келісімнен кейін жібереміз", - деді Ердоған.
Ливияда 2011 жылы диктатор Муаммара Каддафиді қызметінен кетіргеннен кейін, азаматтық соғыс жалғасып жатыр. Оның астанасы Триполиді халықаралық қауымдастық мойындаған генерал Халиф Хафтардың ұлттық армиясының әскері бақылауда ұстап тұр.
Дереккөздің мәліметінше, Ресейдің "Вагнер жекеменшік әскери компаниясының" жасақтары Хафтар жағында соғысып жүр. Жасақтың бірнеше сарбазы қаза тапқаны хабарланды. Бірақ Ресей әлі күнге дейін Ливиядағы соғысқа қатысын теріске шығарып келеді.
Abai.kz