Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3725 0 пікір 29 Тамыз, 2011 сағат 10:16

Рахым Айыпұлы. АҚШ Ата заңының қабылдануы хақындағы ойлар (жалғасы)

Өзінің тәуелсіз ел болған тарихында бірде-бір рет әділ сайлау өткізіп көрмеген біздің елдің тәжірибесін еске алғанда, олардың уәжімен келіспеу мүмкін емес сияқты.Бір кездері орталық сайлау коммициясын басқарған Зағипа Балиева ханымның "қалай депутат болғандығын ұмытып қалмаңдар" деп депутаттарға айбар шегуінің себебі де осында жатса керек.

17 шілдедегі отырыста сөйлеген сөзінде Джеймс Уилсон: «Заң шығарушы , атқарушы және сот билігі сынды биліктің үш бұтағын бір-бірінен ажырату азаматтар құқығын қорғаудың ең негізгі талабы. Ал бұл үш тармақтың өзара тәуелсіз болуы, олардың шын мәнінде бір-бірінен ажыратылғандығының кепілі» деп билік тармақтарының бір-біріне тәуелді болуына жол ашатын әр қандай шешімнің апатты жағдайға ұрындыратынына аса көрегендікпен дәп басып болжады.

224 жыл бұрынғы АҚШ тарихымен терең танысқан сайын  әр бір Америкалықтар үшін тіпті тұтас адамзат үшін теңдесіз маңызы бар құндылықтар жолында күрескен сол бір шоғыр ұлы тұлғалардың жан қиярлық ерлігіне сүйсіне отырып, өзімнің туған елім туралы ойламау мүмкін емес. Қазақ қоғамының бүгінгі қасыреті де Джеймс Уилсон айтқан биліктің үш бұтағының бір-біріне тәуелділігінде, тіпті, оның бір адамға ғана тәуелділігінде жатқан жоқ па деген ойға еріксіз малтығасың.

Өзінің тәуелсіз ел болған тарихында бірде-бір рет әділ сайлау өткізіп көрмеген біздің елдің тәжірибесін еске алғанда, олардың уәжімен келіспеу мүмкін емес сияқты.Бір кездері орталық сайлау коммициясын басқарған Зағипа Балиева ханымның "қалай депутат болғандығын ұмытып қалмаңдар" деп депутаттарға айбар шегуінің себебі де осында жатса керек.

17 шілдедегі отырыста сөйлеген сөзінде Джеймс Уилсон: «Заң шығарушы , атқарушы және сот билігі сынды биліктің үш бұтағын бір-бірінен ажырату азаматтар құқығын қорғаудың ең негізгі талабы. Ал бұл үш тармақтың өзара тәуелсіз болуы, олардың шын мәнінде бір-бірінен ажыратылғандығының кепілі» деп билік тармақтарының бір-біріне тәуелді болуына жол ашатын әр қандай шешімнің апатты жағдайға ұрындыратынына аса көрегендікпен дәп басып болжады.

224 жыл бұрынғы АҚШ тарихымен терең танысқан сайын  әр бір Америкалықтар үшін тіпті тұтас адамзат үшін теңдесіз маңызы бар құндылықтар жолында күрескен сол бір шоғыр ұлы тұлғалардың жан қиярлық ерлігіне сүйсіне отырып, өзімнің туған елім туралы ойламау мүмкін емес. Қазақ қоғамының бүгінгі қасыреті де Джеймс Уилсон айтқан биліктің үш бұтағының бір-біріне тәуелділігінде, тіпті, оның бір адамға ғана тәуелділігінде жатқан жоқ па деген ойға еріксіз малтығасың.

Енді президентті кім сайлайды деген мәселеге қайтып оралайық. Президентті сайлау тәсіліне байланысты 8 түрлі ұсыныс айтылды. Бұл ұсыныстардың барлығы қорыта келгенде қолында билігі барлардан қалай сақтанамыз деген мәселеге саятын. Байлық мен билік  адамды арбайтын және жолдан тайдыратын ең әзәзіл нәрсе. Сол себепті, қолында билігі барлардан сақтану ұры-қарыдан сақтанудан әлде қайда қиын. Делагаттар қолында билігі бар Парламенттің президентті сайлауына қарсы болуының себебі осында болатын. Егер атқарушы билік пен заң шығарушы билік өзара ауыз жаласып кетсе мұның ақыры жақсылыққа апармайтын еді. Олар кеңесе келе, жалпы халық сайлау керек деген шешімге тоқтады. Бірақ, БАҚ нашар дамыған сол дәуірде халықтың талғамына да күмәнмен қарауға тура келетін еді. Сол себепті олар халықтан сайланған сайлаушылар сайласын деген шешіммен бұл мәселеге де нүкте қойды.

Әрине, президент сайлауы әкімшілік мәнсаптың бір бөлегі ғана еді. Ал тұтас сайланбалы билік жүйесіне қандай өкілеттіктер береміз және оның билігін қалай тежейміз деген мәселе ең үлкен бас ауыру болды. Мұнда, президенттің билігін тежеп қана қалмай, парламенттің билігін де тежеу мәселесі ерекше маңызды еді. 16 маусым күні сөйлеген сөзінде солтүстік  Королиналық делагат  Уилиямсон: « Адамзат қоғамында дара биліктің пайда болуы түрліше жағдайда қалыптасты. Кейбірінде әкімшілік дара билік, кейбірінде әскери дара билік, кейде Парламенттік дара билік жүйесі үкім сүрді. Теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда егер заң шығарушы билікке шектеу қойылмаса, азаматтардың бостандығы мен құқығы сөзсіз аяққа тапталады. Мемлекетте тұрақтылық болмайды. Ал заң шығарушы билікті тежеуде депутаттардың ар-ұжданына ғана сенім арту  жеткіліксіз. Сол себепті, Парламентті өз ішінен бірін-бірі бақылайтын тәуелсіз  екі құрылымға жіктеу керек » деп қос палаталы Парламенттің тиімді жүйе екендігін дәлелдеуге тырысты. Бірақ, Қауым палатасы жіберген қателіктерді Сенат түзейді дегенге де күмәнмен қарайтындар табылды. Себебі, сенаторлар да  ет пен сүйектен жаратылған пенде. Уақыт ұзара келе оларды да біреу жемтікке дәндетіп, қолына үйретіп алуы мүмкін ғой.  Бұдан сақтанудың тәсілі де табылды. Ол Сенаттың құрамын жаңғыртып отыру. Демек, әр екі жыл сайын Сенаттың үштен бір сенаторы жаңадан сайланып отырады. Осымен Парламентке қатысты мәселеге нүкте қойылды ма? Жоқ!  21 шілде де сөйлеген сөзінде  Мэдисон қос палаталы Парламенттің сүзгісінен өткен заңдар тимсіз тіпті, зиянды болып шықса  қалай болады деген күмәнін ортаға салды. Рас, Парламент қабылдаған заңдарға да біреу күмән келтіріп, оны терістеуге құқылы болу керек қой. Ал мұндай өкілеттік кімде болу керек? Делагаттардың көпшілік бөлігі мұндай өкілеттікті президентке беру керек деген ұсынысты қолдады. Ал Франклин қатарлы бір бөлімдері президенттің мұндай өкілеттігі артық деп санады. Соңында Виргениялық делегат  Георге Масон қатарлылар бұл шара президент пен парламент арасында тиімді әріптестікке жол ашады. Парламент қабылдаған заңдарға келсе келмес  вето қою президентке де абырой әпермейді және ол өзіне басы артық дау сатып алумен бірдей. Сол себепті, ерекше бір келіспестік болмаса президент вето қою құқығын пайдаланбайды. Бұл шара тек сақтық үшін ғана қажет болады деген пікірін айтып аталған пренципті конститутция баптарына кіргізді. Бірақ, өмір шындығы ондай қарапайым емес екен. Құрама штаттар тарихында билік жүргізген президенттердің осы өкілеттіктерді пайдалануы түрліше болды. Вашингтон бір-ақ рет пайдаланды.  Ядамс пен Джеферсон бір ретте пайдаланған жоқ. Мэдисон мен Линколин  7  реттен пайдаланды. Ал Франклин Розвелт  635 рет пайдаланыпты. Қалай десек те конститутцияға осындай баптың  енгізілуі сөз жоқ көрегендік болтын. Бұл бап күні бүгінге дейін АҚШ президенті мен  парламентінің өзара ырғасып мәмілеге келуіндегі табан тірер тиянағына айналып келеді.

Ал президент пен парламент бас аурудан қашып елдің түбірлі мүддесін құрбандыққа шалатын конститутцияға  қайшы  заңдар қабылдаса не істеу керек? Себебі, президент вето қойған заң жобасына Сенат пен Қауым Палатасы жеке-жеке депутаттардың  үштен екі бөлегінің қолдап дауыс беруімен президенттің ветосын еңсере алады. Делагаттар көп талас-тартыстан соң мұндай жағдайда қолданысқа енген заңның конститутцияға сәйкестілігі жөніндегі соңғы төрелікті сот билігі айтуы керек деп шешті. Әрине, сот билігі заңнің қалай қабылдануына ықпал ете алмайды. Тек заң нақты өмірде қолданысқа енген кезде ғана қайсы заң баптарының конституцияға сәйкес еместігі жөнінде шешім қабалдап, аталған бапты қолданыстағы заңнан алдырып тастауға құқылы.

Әділет пен заң салтанат құрған Құрама Штаттар елінде бір-бірінен тәуелсіз және бір-біріне шынжырша маталған биліктің үш бұтағы міне осылай қалыптасты. Ең алдымен заңның өмірге келуінде қос палаталы Парламенттің дербес құзыреті болғанымен ол әкімшілік және сот билігінің бақылауында болады. Президент заң жобасын дүрыс деп таппаса, оған вето қоя алады. Ал өмірге жолдама алған заң баптары конституцияға қайшы екендігі дәлелденсе, арыз-шағымдарды қараған кезде сот өз өкімімен конституцияға қайшы заң баптарының күшін жоюға құқылы. Демек, Парламент өзінің үштен екі дауысының қолдауымен президенттің ветосын еңсергенімен, қабылдатқан заңдар  конституцияға сәйкес болмаған жағдайда бәрі бір соттың  төрелігінен аттап өте алмайды. Міне осылай залалды заң баптарының өмірге келуіне үш бірдей берік қамалмен тосқауыл қойылған.

Билік құрылымдарының өзара байланысында заң шығарушы, әкімшілік және сот билігінің бір-біріне шынжырша маталған ара қатынасы ерекше маңыз алады. Себебі, Парламент заңдарды қабылдағанымен оны атқаруға және түсіндіруге құзыреті жоқ. Президент заң аясында билік құрғанымен заңды өзгертуге және өзіне ыңғайлы заңдарды қалағанынша қабылдатып алуға билігі жүрмейді. Оған түсінік беруге де құқығы жоқ. Ал сот билігі заңдарға түсінік беруге және нақты істерді қараған кезде ғана заңға сәйкес өз төрелігін айтуға құзыретті. Ол заңның қабылдануына және атқарылуына билік айта алмайды. Қортып айтқанда заңдылықтың бұзылғандығына байланысты біреу арызданбаса ол ештеме де істей алмайды. Арызданған күннің өзінде де ата заңнан аттап кетуге қақысы жоқ.

Депутат, президент және судяның өзара қатынасы да бір-біріне шынжырша маталған. Президент заңдарға вето қоя алады. Судия оның конституцияға сәйкестігі жөнінде төрелік айтады. Парламент президентке сенімсіздік білдіре алады. Судяның тағайындалуына сенаторлар келісім береді. Сол себепті, депутаттар президент пен судядан қорқып, жалтақтық танытпайды. Судяның кандидатурасын президент ұсынғанымен оны бекітетін сенаторлар болғандықтан, судя президенттің алдында өзін қарыздар сезінбейді. Президенттік билікте соншалықты қорқынышты емес. Себебі, оған Парламент сенімсіздік білдіре алады. Мұнда президентке сенімсіздік білдіру тек Қауым  Палатасының құзырынды. Ал істі қарауды Сенат жүргізеді. Ал іске төрелік етуді елдің ең жоғары сотының бас судясы атқарады. Қарап отырсаңыз сенімсіздік білдіргендер істі қарай алмайды. Істі қарағандар төрелік айта алмайды. Сенаторлардың үштен екі бөлігі келісім бермесе судя айып таға алмайды. Демек, президент шын мәнінде қылмысы басынан асқан біреу болмаса осыншама сенатор одан теріс айнала қоймайтын шығар. Әділетті сайлау арқылы ел жұрт қалаған депутаттар мен ғұмыр бойы мәнсапта отыратын судялар да президентке ләппай тақсыр дей қоймайды. Себебі, президенттің бір реткі  билік құратын мерзімі төрт-ақ жыл. Осы мезгілде оған бірде-бір судяның кондидатурасын ұсынатын орай берілмеуі де мүмкін.

Міне осылай депутат пен депутат, депутат пен мәнсапты, мәнсапты мен судя бір-бірінен тәуелсіз, қызметтік ара жігі айқын айырылған, олардың өзара ауыз жаласып , сыбайлас жемқорлыққа баруының  кесірінен белгілі бір топтардың мемлекеттік билікті иемденіп алып, елді қалағанынша билеп-төстеп, халық мүддесін қанжығасына байлап жүруіне жол бермейтін бірегей конститутциялық жүйе қалыптасты. Әрине, бүгінгі жүйе сол кездегі конституцияның негізінде біртіндеп кемелденді. 1789 жылдың 4 наурызында АҚШ конституциясы  тұтас Құрама Штат аумағында ресми қолданысқа енгеннен тартып күні бүгінге дейін 27 рет толықтыру енгізілді. Бірақ әуелгі нұсқасының бір әріпі де өзгеріске түскен жоқ. Мұнда тұңғыш президент Джордж Вашингтон билігі  кезінде Парламент тарапынан енгізілген мына екі толықтыруды астын сызып  атап өту лазым. Мұның біріншісі, азаматтардың құқығына байланысты дінни сенім бостандығы, сөз және баспасөз бостандығы, бейбіт  жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар және шерулер өткізу құқығына заңмен шектеу қоюға тиым салынатындығы жөніндегі бап. « Заңмен шектеу қоюға тиым салынады» деген қағидаға зер салсақ, билеушілердің көбі азаматтардың өз арман-тілегін білдіретін осы бір қасиетті, ешқашан қол сұғуға болмайтын бостандығы мен құқығын «заңмен тиым салу» арқылы тежеп отырады. Демек, билеушілердің  азаматтардың осы бір ең негізгі бостандығы мен құқығына  қол сұқтырмау үшін сөз жоқ «Заңмен шектеу қоюға тиым салу керек». Әрине, адам туада тең, адамдардың бәрі өмір сүруге, бостандыққа және бақытқа қол жеткізуге құқылы делінгенімен оған жетудің жолы оңайға түскен жоқ. Мысалға, әйелдердің құқығы, қара нәсілділердің құқығы, индияндардың құқығы және басқада заңда көрсетілген көптеген құқықтарға Құрама Штат халқы ғасырлар бойы көресу арқылы қол жеткізді.

Ал екіншісі, бір адамның президент мәнсапына екі реттен артық отыруына тиым салатын баптың енгізілуі. Мұның маңызы өз-өзінен түсінікті. Егер бір адамның билігіне шектеу қойылмайтын болса, халқының шексіз алғыс-құрметіне бөленген Вашингтонның өзі бірте-бірте Гитллер немесе Садам болып шықпасына кім кепіл?! Естеріңізде болса Гитллер де Вашингтон сияқты сайлану жолымен билікке келген және оның да өз кіндігінен туылған ұл-қыздары болған жоқ.  Билікке деген құштарлық оның  туған халқын ғана емес тұтас адамзатты қанға бөктерді. Күні бүгін Арап елдерінде орын алған қан төгістің қайнар көзі де бір адамның билікке кенедей жабысып, саржамбас болғанша отыруында  жатқаны сөзсіз.

Сол кездегі ең басты қағида Франклин қатарлы ғұламалар  қайта-қайта айтудан жалықпайтын мәнсаптыдан сақтану ұрыдан сақтанудан да қиын. Биліктен сақтану өрттен сақтанудан да қорқынышты. Тежеусіз билік тасқын судан да қауыпты деген ұстанымдар болатын. Сол себепті, конституциялық құрылым күрделірек, әурешілігі көбірек, жұмыс өнімділігі баяурақ болуы мүмкін. Бірақ, ешқашан да барлық билікті бір адамның қолына сеніп тапсыруға, оның айналасына өз жемтіктестерін жинап, ойына келгенін істеуіне жол беруге әсте болмайды.

1787 жылғы АҚШ конституциясын қабылдауға арналған Филаделфия құрылтайының тым ұзақ уақытқа созылғандығының сыры осында жатса керек.

Мақаланың басын мына жерден оқи аласыз: http://old.abai.kz/content/rakhym-aiypyly-aksh-ata-zanynyn-kabyldanuy-khakyndagy-oilar-basy, жалғасына мына жерден оқуға болады: http://old.abai.kz/content/rakhym-aiypyly-aksh-ata-zanynyn-kabyldanuy-khakyndagy-oilar-zhalgasy

Соңы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320