Сенбі, 23 Қараша 2024
5534 6 пікір 12 Желтоқсан, 2019 сағат 12:23

Қазақстанда 16 желтоқсан қарсаңында қамауға алынған белсенділер саны артты

Нұр-Сұлтанда Зүбайда Сейдахметова, Фариза Беспаева, Нұрсұлтан Тастаев - 10 тәулікке, Болатхан Хамитұлы 15 тәулікке қамалған. Олардың бәрі 26-27 қарашада Еуропа Одағының Қазақстандағы өкілдігі алдында өткен акция үшін әкімшілік жазаға тартылған.

Қараша айының соңында Нұр-Сұлтанда Еуроодақ өкілдігі алдында ондаған белсенді акция өткізіп, Қазақстанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары өрескел бұзылатынын айтып, шағымданған. Олар Еуропа Одағын Қазақстанды адам құқығын сақтауға міндеттеуге шақырған.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі төрт адамның қамалғанын растады. Соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянованың айтуынша, қамалғандардың барлығы Әкімшілік кодекстің 488-бабы 3-тармағы бойынша бейбіт жиын өткізу туралы заңнаманы қайталап бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылған. Бұған қоса, астаналық белсенділер Ақмарал Керімбаева мен Қапар Ахаттың да 10 тәулікке қамалғаны белгілі болды. Оларға да дәл сондай айып тағылған.

7-10 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтанда белсенділер қалалық полиция департаменті ғимаратына жиналып, Тәуелсіздік күні қарсаңында және сол күн аталып өтетін уақытта өздерін қудамалауды талап еткен еді.

Ал Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің басшысы Бақытжан Малыбаев "16 желтоқсан әлі басталған жоқ, олардың гүл қоюына ешкім қарсы емес" деген еді.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480