Қырғызстанда Владимир Путинге ескерткіш орнатылды
Қырғызстанда Ресей Президенті Владимир Путинге ескерткіш орнатылды. Ескерткіш Бішкек маңындағы таудағы шаңғы курорттарының бірінде қойылған екен. Бұл туралы «Reuters» агенттігі жазды.
Бішкектегі Путин ескерткішінің биіктігі 2,5 метр. Путинге ескерткіш орнатқан курорт қожайыны Ресей қаржыландыратын «Даму қорынан» 1,2 миллион доллар қарыз (несие) алған екен.
Курорт директоры Акбар Розиевтің айтуынша, ол әуелі Қырғызстандық банктерге барған. Алайда, бірде-бір банк оған несие бермеген. Дәлірек айтқанда, Қызғызстандық банктер ұынған шарттар Розиев үшін тиімсіз болған. Содан, Қырғызстанда 2014 жылы ашылған «Ресей-Қырғызстан» даму қоры курорт қожайынына 4 пайыздық несие ұсынған.
«Мен өз алғысымды қалай білдірерімді белмедім», деген Розиев Владимир Путинді өзіне үлгі тұтатынын айтыпты.
«Оның несиесінің арқасында біздің жақсы орталығымыз бар. Тағы не айта аламын? Путин – есімі үлкен «әріппен жазылатын адам!», депті Акбар Розиев.
Abai.kz