Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Билік 6360 9 пікір 12 Желтоқсан, 2019 сағат 13:28

Сара Назарбаева «Барыс» орденімен марапатталды

Жылдағы дәстүр бойынша, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар тапсырылып жатыр.

Олардың арасында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

Ақорданың ресми сайтында Президент жарлығымен мемлекеттік награда алған азаматтардың аты-жөні жарияланды. Олардың қатарында еліміздің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева да бар.

- І дәрежелі «Барыс» орденімен Парламент Мәжілісінің депутаты С.Абдрахманов, ғалым және қоғам қайраткері Ә.Ахметов, жазушы Т.Әбдікұлы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы М.Қасымбеков, «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» РМК бас ғылыми қызметкері М.Мырзахметұлы, «Бөбек» балалар қорының президенті С.Назарбаева, опера әншісі Б.Төлегенова марапатталды, - делінген ресми жарлықта.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1101
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2641
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 766
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 733