Сенбі, 23 Қараша 2024
4436 2 пікір 13 Желтоқсан, 2019 сағат 10:52

Қырғызстанның экс-депутаты Равшан Жээнбеков қамауға алынды

Жогорку Кеңештің бұрынғы депутаты Равшан Жээнбеков қамауға алынды. Бұл жөнінде Қырғызстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның ұсталғаны жөнінде әлеуметтік желілерде хабар тарады. Адвокаты Замир Жоошев Жээнбековтің Кой-Таштағы оқиғаға байланысты тергеуге шақырылғанын айтқан.

ІІМ экс-депутаттың ұсталғаны жөнінде ақпаратты растады. Оны "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды" және "адамдарды кепілге ұстады" деген бап бойынша күдікті ретінде тергеу абақтысына қамаған.

Жээнбеков осыған дейін бұл оқиға бойынша бес рет тергеуде болғанын айтқан. "Мен тергеушілердің барлық сұрағына жеткілікті жауап берген сияқтымын. БАҚ-тан алынған видеотаспалар арқылы өзімнің кінәсіз екенімді дәлелдедім", - деген Жээнбеков 16 тамызда.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525