Сенбі, 23 Қараша 2024
2684 0 пікір 18 Желтоқсан, 2019 сағат 11:44

Жыл басынан бері 49 журналист өлтірілген, 389-ы түрмеде отыр

Қазір әлемде кәсібіне байланысты 389 журналист және БАҚ өкілі қамауда отыр. Бұл былтырғымен салыстырғанда 12 процентке көп.

"Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымның баяндамасына сәйкес, қамаудағы журналистердің саны бойынша Қытай (130), Египет (36) және Сауд Арабия (32) елдері алдыда. Ресейде алты журналист түрмеде отыр.

Жыл басынан бері әлемде 49 журналист өлтірілген. Бұл былтырғыға қарағанда екі есеге аз. Олардың біраз бөлігі жанжал болып жатқан аймақтарда құрбан болған.

Бұдан бөлек 57 БАҚ өкілі ұрланған. Олардың біреуі Украинада, қалғаны - Сирия, Йемен және Иракта. Қазір олардың көбі із-түссіз жоғалған деп есептеледі.

Баяндамаға сәйкес 2019 жылы журналистер үшін ең қауіпті өлкелер Мексика, Сирия, Ауғанстан, Пәкістан және Сомали болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485