Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3531 7 пікір 19 Желтоқсан, 2019 сағат 11:19

Қалай интеллектуал және профессионал боламыз?

Қалай интеллектуал және профессионал боламыз? Жалпы қалай дамимыз? Не істеу керек?

Интеллектуал адамда 4 soft skills болуы керек: ойлау, жазу, сөйлеу, бір саланы меңгеру. Дұрыс ойлана алатын адам жүйелі жаза алады. Жазатын адам нақты сөйлей алады. Ал бір саланы меңгерген адам оны жазбаша не ауызша әдемі жеткізе алады.

Профессионал адам интеллектуал болады. Интеллектуал алам профи екені түсінікті. Әр нәрсені шала білетін жанды "дилетант широкого профиля" дейді. Бір темадан нәтиже шығара алмаған жан профи емес.

Профессионал болу үшін бір тақырыппен 10 000 сағат айналысасыз. Қарапайым арифметика былай: бір саламен күніне 4 сағаттан 7 жыл, 6 сағаттан 5 жыл, 8 сағаттан 3.5 жыл айналысқанда, тәжірибелі, тіс қаққан маманға, яғни профессионал болып қалыптасасыз.

Өз салаңызда кемі 10 кітап, 20 кейс, 30 мықтыны танысаңыз, жылына кемі 5 млн тг табуға болады. Күніне 1-2 мақала, сараптама, пост, контент оқыған жөн. Қазір Ютубтың заманы, аптасына 4-5 видео көрген де пайдасын тигізеді.

Мен негізі қысқаша түсінікті тілмен айтып жатырмын. Оңай қылып көрсетуге тырысамын. Себебі қалай дамимын, не оқимын, күніне қанша сағат, неше жыл, қанша ақша деп сұраушылар көп.

Өз салаңыздағы бір мықтыны 100% көшіруге болмайды. Оның жолы басқа, сенікі бөлек, көшірген адам өздігін жоғалтады. Кейбір тактикасын, методологиясын, еңбекқорлығын алуға болады, бірақ толықтай бағасын, маркетингін, программасын, стратегиясын, стилін алу ұят болады.

Нұрлан Жанайдың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446