Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3169 0 пікір 1 Қыркүйек, 2011 сағат 06:40

Қазақстан жаңа үндеулер мен қауіптердің алдында экономиканы, мемлекет пен қоғамды нығайтуға тиіс - Назарбаев

Астана. 1 қырқүйек. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімет пен парламентке экономика мен қоғамды нығайтуды тапсырды.

«Біз алдағы жылдар біз үшін, бүкіл әлем үшін жайбарақат өмір сұру уақыты болмайтынын түсінуге тиіспіз. Әлем дамуының қиындығы анық байқалып отыр. Жаңа үндеулер мен қауіптердің алдында экономиканы, мемлекет пен қоғамды нығайту - біздің ортақ парызымыз. Биліктің барлық тармақтарының, соның ішінде, парламенттің алдағы уақыттағы жұмысының негізгі мән-мағынасы осында», - деді Н.Назарбаев бейсенбі күні парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Мемлекет басшысы жаһандық экономиканың даму үрдісі көңіл көншітпейтінін атап көрсетті: «қор нарықтары тұрақсыздыққа ұрынып, әлемдік бағалар құбылып тұр». Бұл орайда ол бірнеше онжылдықтың ішінде алғаш рет АҚШ-тың рейтингі төмендегенін, ЕО экономикалық проблемаларға белшеден батқанын, Еуропадағы әлеуметтік ағымдар ірі қалаларда жаппай тәртіпсіздіктерге, тонаушылыққа алып келген толқуларға себеп болғанын жеткізді. Оның пікірінше, мұның бәрі қауіпті белгілер болып табылады.

«Әлем өткен дағдарыс жылдарынан қорытынды жасаған жоқ. Қазір ешкім де алдағы айларға нақты болжам бере алмайды. Жаңа жаһандық экономикалық модельге ауысу пікірталас тақырыбы болып қалуда», - деді Н. Назарбаев.

Бұдан басқа, әлем қауіпсіздікке үлкен қауіптермен бетпе-бет келіп отыр. Атап айтқанда, Африкада ондаған миллион адамды жалмаған аштық ошағы Қазақстанмен көршілес ортаазиялық мемлекеттерге қауіп төндіруі мүмкін, деп жалғастырды президент. Осыған байланысты заңсыз көші-қонмен, эпидемиялармен, қақтығыстармен байланысты қауіптер күшейе түседі, деп атап көрсетті мемлекет басшысы.

«Әлем елеулі геосаяси өзгерістердің табалдырығында тұр. Таяу Шығыс буырқанып жатыр, біздің шекараларымызға жақын жерде де тыныш емес, тұрақсыздыққа барлық елдер бірдей қарсы тұра алмайды, этносаралық, дінаралық қақтығыстардың қаупі артып келеді. Жақында ғана әлем бейбіт Норвегиядағы жантүршігерлік терактіден үйрейленді. Халықаралық терроризмнің жаңа соққы жасау қаупі жоғары қалып отыр», - деді ол.

Бұдан басқа, әлемнің ақпараттық кеңістігі шайқас алаңына айналып отыр, деді президент. Мысалы, ғаламторда компанияларға, банктерге, тіпті тұтастай мемлекеттерге шығын келтіріп жатқан интернет-қарақшылардың қылмыстық топтары әрекет етуде.

Үкімет пен парламенттің алдында осы мәселелердің бәрін шешу міндеті тұр, деді мемлекет басшысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321