Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3993 0 пікір 1 Қыркүйек, 2011 сағат 06:43

Өміржан Әбдіхалықұлы. Қорғансыздың күні

Міне, тағы бір  жаңа оқу жылы басталды. Алайда, қоңыраудың сыңғырын естіген қазақ баласының баршасының жүзінен шаттық нұры төгіліп, білімге іңкәрлік есіп тұр деп айту қиын. Өйткені, Тәуелсіздік алғанымызға табаны күректей жиырма жыл өтсе де азат ұрпақтың алдындағы парызымыз бен міндетімізді мемлекет ретінде толықтай өтей алмай отырмыз. Біз әлі күнге ана тілінде  - мемлекеттік тілде білімге қаныққысы келетін қазақ баласының сұранысын толық қанағаттандырар емеспіз. Қазақ мектептерінің жағдайы құдды совет өкіметі тұсындағыдай. Сол кездегіден еш аумайды.

Қазақ оқушысы билікке, қоғамға, ата-анаға өкпелі. Өйткені, елдегі қазақ мектептерінің саны аз. Қазақ баласы табанын тоздырып, сөмкесін арқалап, салы суға кетіп, қоғамдық көлікте қыстырылып қаланың шетіндегі мектепке немесе аудан орталықтарындағы қазақша мектеп интернаттарға барып оқуға мәжбүр.

Айғақ жетерлік. Теміртаудағы орыс тіліндегі №9 мектеп-лицейі мен №16 орта мектептерін қазақ мектебі ету жөніндегі жергілікті биліктің нұсқауы шыққан бойды орыстар өре түрегеліп, іс аяғы сотқа дейін барып, қаралып жатыр. Теміртаудағы қазақ мектептерінде орын аз да, оқушы саны көп. Ал, орыс мектептерінде керісінше, бала аз, орын көп. Сонда орыс қауымының ойынша, қазақ оқушысы суыққа тоңып, қаланың әр шетінде тентіреп оқуы керек екен де, ал, қала ішіндегі орыс тілді мектепті қазақтарға беруге болмайды екен. Демек, қазақ оқушысының өз құқын, мемлекет құрушы ұлт ретіндегі дәрежесін пайдалануына жол жоқ екен. Әлбетте, жергілікті биліктің шешімі құптарлық. Бірақ қазақ ата-анасының үнсіздігі, көмбістігі тым құрыса, баласы үшін қарсылық таныта алмай отырғаны өкінішті.

Ал, Алматыда оқушыларға есігін айқара ашқан180 мектептің 50-і қазақ, 3-і ұйғыр, 62-і орыс,  65-і аралас мектеп. Аралас мектеп дегеніңіз - орыс мектебі деген сөз. Демек, қаладағы орыс мектебінің саны  127 деген сөз. Сонда бар-жоғы халықтың 23 пайызын құрап отырған орыс қауымының асығы алшысынан түсіп, қазақтың жайы  табан астында. Есі дұрыс мемлекет, ұлт өз ұрпағын өз қолымен ұлтсыздану мектебіне (аралас мектеп) бермесі анық. Амал не, тағы да соры қайнаған қазақ оқушысы.

Жергілікті шенеуніктер аралас мектептер біртіндеп қазақ мектебіне айналып, сөйтіп қазақ мектебінің саны өседі дейді. Бұл ертектің қисыны жоқ. Сонда қазақ оқушысының толеранттылығы мен төзімділігін қашанғы сынауға болады?!

Ал,  Алматыдағы 19 мектепті қазақ мектебі ету туралы қалалық білім басқармасының нұсқауы тағы да орыстардың қарсылығына ұшырап, орындалмай қалды. Қазақ ата-ана тағы да үнсіз. Жергілікті биліктің этностық топтар алдындағы әлсіздігін, қауқарсыздығын түсіне алмадық. Түсіндірген адам да болмады.

Қостанай облысы, Қарабалық ауданындағы қазақ мектептерінің халі адам жыларлық. «Қазақстан» арнасының хабарлауынша, облыс бойынша 609 мектеп бар болса, соның 144 қазақ мектебі, 136-сы аралас мектеп. Қазақ және аралас мектептердің санын алып тастағанда, орыс мектептерінің саны -329 болып тұр.

Осы облыстағы «Михайловск» аулындағы қазақ отбасыларының балалары ана тілдерінде білім ала алмай отыр. Ауылдағы мектеп  орысша. Қазақ балалары аудан орталығындағы мектеп-интернетта жатып оқиды екен. Міне, өз билігі өз қолындағы Тәуелсіз елдің ел ертеңіне жасап отырған «ерекше» «қамқорлығы».

Қабағың қашан ашылар екен, қазақ оқушысы?. Сенің күйің  - Қорғансыздың күні.

«Абай-ақпарат»

Бейнематериал "Қазақстан" ұлттық арнасының "kaztrk.kz" cайтынан алынды

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320