Сейсенбі, 1 Қазан 2024
46 - сөз 4279 4 пікір 20 Желтоқсан, 2019 сағат 11:59

Президент мырза, 2020 - мүгедек балалар жылы болсын!

Құрметті Президент!

Тағдыр тауқыметін көріп келе жатқан балаларымызды қоғамнан шеттетпей, тиісті көңіл бөлуіміз қажет. 2020 - мүгедек балалар жылы болсыншы! Көңілі жарым аналардың жанайқайын сізге жеткіземін. Мүмкіндігі шектеулі балаларға тиісті көңіл бөлінбей келеді! Алдымыздағы жылды осы санатқа арнау арқылы оларға қатысты әлеуметтік, психологиялық, мемлекеттік проблемаларды шеше аламыз.

Соңғы жылдары мүгедек балалардың көбеюін мемлекеттік проблемаға  жатқызып, осы жолда оның себеп салдарын анықтау мақсатында түрлі саланың ғалымдарынан топтасқан ұлттық комиссия құрып, аналитика жасап, зерттеу жүргізу қажет деп есептеймін. Сол зерттеулердің нәтижесінде себеп-салдармен күресу. Науқас балалардың күрт көбеюіне ықпал еткен сапасыз вакцина ма, аналардың тұрмысының нашарлығы ма, экология ма?! - деген сұрақтардың нақты жауабын бере отырып, шешім қабылдау керек деп санаймын.

Бала - біздің болашағымыз. Салауатты ұрпақты дүниеге әкелу, оны Отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу мемлекет үшін маңызды мәселе! 

Кенжегүл Тергембаеваның әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

4 пікір