Сенбі, 23 Қараша 2024
4087 1 пікір 20 Желтоқсан, 2019 сағат 17:13

Саясат Нұрбек: Шетелдегі этникалық қазақтарға жерді пайдалану құқығын беру керек

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Саясат Нұрбек ұсыныстар пакеті туралы айтып берді.

«Ұлттық кеңестің әлеуметтік мәселелері бойынша тобы білім, ғылым, денсаулық сақтау, еңбек нарығын дамыту, тіл, көші-қон бойынша ұсыныстар пакеттерін дайындап, тиісті мекемелермен тығыз жұмысты атқардық. Жұмыстарды ең төменгі деңгейден бастадық, себебі негізгі мәселелер сол жерде шешіледі. Атап айтқанда, жоғары білім және ғылым, мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік білім, сондай-ақ еңбек нарығын болжау мен біліктілікті арттыру тұрғысында ұсыныстар пакеті дайындалды», - деді С.Нұрбек Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтастық аясында денсаулық сақтау саласындағы жұмыс тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар пакеті дайындалды.

«Қазіргі уақытта осы жұмысты нығайту керек. Денсаулық сақтау саласында әлі де тығыз байланыс орнатылмай жатыр», - деді ол.

Бұдан бөлек, Саясат Нұрбек қандастарға қатысты бірнеше ұсынысын жеткізді. Бірінші – шетелдегі этникалық қазақтарға жерді пайдалану құқығын беру. Бұл қазір өте қызу талқыланып жатқан мәселе. Тағы бір ұсыныс 18 қараша күнін Ұлттық көші-қон күні деп белгілеуге қатысты.

«Жалпы, үш айдың ішінде мемлекеттік органдармен өте егжей-тегжейлі жұмыс істедік», - деді ол.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435