Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5245 6 пікір 23 Желтоқсан, 2019 сағат 11:38

Бұл заңды Біртанов мырза түсіндірсін!

Уа қазақ тілді қауым құлақ түріңдер!

Адам сатқаны аздай, енді рұқсат сұрамай, мүшемізді алуға оны шет елге шығаруға заң қарап жатыр екен!

Заң әрине қара халықтың тілінде емес! Өздеріне түсінікті тілді жазылып, талқыланып жатыр!

Яғни мына адамдардың жоғалып кетіп жатқаны бекерден бекер емес!
Қара базарда адамның бір мүшесі 100000$ бастап бір миллионға дейін бағаланатынын бәріміз білеміз!

Кеше ғана Шымкент емханасында дәрігер шет елге адам мүшесін жіберіп отырғаны үшін тұтқындалды. Яғни осы уақытқа дейін бұның бәрі шет елге тексеруге деп жіберіліп, адам мүшелері осылай сатылып келген. Қазіргі таңда, денсаулық министрі өздеріне тиімді, яғни адам мүшелерін өзінің немесе отбасының рұқсатынсыз алуына заң шығармақшы. Бұл деген ертең қылмысқа жол ашады! Кез- келген адам пайда табу үшін адам ұрлап, мүшелерін сатуымен айналысуға жол ашады!

Қазақтар өзі аз қазақпыз!
Ұрпағымызды, өзімізді жоятын заңға жол бермейік!
Министр Біртанов шығып ел алдына қазақ тілінде түсіндірсін!
Талқыланып жатқан заңның қазақ тілінде нұсқаларын ел алдына шығарсын!
Әйтпесе бүкіл Оңтүстік митингке шығатынын хабарлаймын!

Айгүл Орынбектің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5388