Бейсенбі, 1 Қазан 2026
4226 1 пікір 25 Желтоқсан, 2019 сағат 10:47

Ресей ұшағы Сирияның Идлиб провинциясына соққы берді

Ресей әскери ұшағы Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясына соққы берді. AFP хабарлауынша, сегіз адам қаза тапқан, оның бесеуі – бала.

БҰҰ мәліметінше, Сирия үкіметі мен Ресейдің әскери шабуылды үдетуінен Идлибтың ондаған мың тұрғыны 16 желтоқсаннан бастап үйлерін тастап кетуге мәжбүр болып жатыр. Адам құқықтарына мониторинг жасайтын сириялық орталықтың мәліметінше, осы уақыт аралығында 80-ге жуық бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Өткен аптадан бері Башар Асад әскері Идлибке шабуыл жасап, жиһадшылардың бақылауында болған оншақты қала мен ауылды қайтарып алды. Бұл кезеңде ондаған адам қайтыс болған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 227
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 229
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 264