Қазақстан азаматтығы бар ұйғыр кәсіпкері және оның отбасы Айеркен Саймаитиден алған ондаған миллион долларға жылжымайтын мүлік сатып алған. Саймаити Қырғызстаннан курьерлердің көмегімен ақша алып шыққанын өз еркімен мойындаған. Өткен айда оны Стамбулда атып кетті.
Әбдіқадыр жайлы ақпарат 23 желтоқсанда ірі зерттеудің кезекті бөлігі жарияланғаннан кейін белгілі болды. Зерттеу қаржылық құжаттар мен Саймаитидің 10 қарашада өзін атып кеткенге дейін берген сұхбатына негізделген.
Бұған дейін жарияланған зерттеудің алғашқы бөлігінде Саймаитидің Әбдіқадырдың отбасына астыртын ақша жібергені, сонымен бірге заңсыз кеден схемалары, Қырғызстаннан ірі көлемде ақша шығару жолдары туралы айтылған еді. Зерттеу жарияланғаннан кейін Қырғызстанда жемқорлыққа қарсы наразылық шаралары өтті.
Жер реестрі мен корпоративтік деректерден алынған ақпарат журналистерге "Әбдіқадырға тиесілі" делінген 20 нысанды анықтауға мүмкіндік берген. Соңғы сегіз жылда сатып алынған нысандар Германия, Ұлыбритания, АҚШ және Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан.
Хабибула Әбдіқадыр мен оның әріптестері журналистердің сұрақтарына жауап бермеді.
Abai.kz