Жұма, 22 Қараша 2024
Алаң 4272 2 пікір 26 Желтоқсан, 2019 сағат 10:13

Қызылағаштық бес жігіт қамаудан босатылды

Кеше, 25 желтоқсанда Алматы облысы Ақсу аудандық сотында қытай жұмысшыларын соққыға жықты деп айыпталған бес азаматқа үкім оқылды.

Сот Берік Рысалдинов пен Сарқыт Салхановтың әрқайсысының бас бостандығын екі жыл алты айға шектеді. Қалған үш азамат: Нұрбол Мұхаметалин, Бейбіт Мұхаметалин және Еркін Салхановтың бас бостандығы екі жылға шектелді. Сот сонымен бірге бес азаматтың әрқайсысын 100 сағат қоғамдық жұмыс істеуге міндеттеді. Бұған қоса, олар 72 мың теңге көлемінде сот шығынын өтеуге, жәбірленуші жақтың шығынын өтеу үшін 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (шамамен 37 мың теңге) айыппұл төлеуге міндеттелді. 

Сейсенбі, 24 желтоқсанда олардың прокурормен процессуалдық келісім жасайтыны туралы хабарланған еді. Адвокат Жанар Балғабаеваның айтуынша, кеше процессуалдық келісімге қол қойылып, сотқа өтініш түсірілген. Бүгін өтінішті қараған сот оны қанағаттандырған. Бес жігіт сот залынан босатылған.

Адвокат мұндай шешімнің шығуына "халық қолдауы да әсер еткенін" айтады.

Бір күн бұрын сот ғимаратының сыртында халық айыпталушылар отырған газельді жібермей, оларды босатуды талап еткен еді. Омон жасақтары келіп, жолды аршуға тырысқанмен "бостандық!" деп айқайлаған жұрт көліктің жүруіне мұрсат бермеді. Ақырында Ақсу аудандық прокурорының орынбасары Әділет Асқарұлы келіп, "айыпталушылардың процессуалдық келісімге келіп жатқанын, ертең бостандыққа шығатынын" айтқан. Тек содан кейін халық тараған.

"Citic Construction" компаниясының Қытайдан келген жұмысшыларымен төбелесті делінген Қызылағаш ауылының бес тұрғынының соты 20 желтоқсанда басталған еді. Оларға Қылмыстық кодекстің "қару я суық қару қолданып денсаулыққа зиян келтіру" (293 баптың 3-тармағы) бабы бойынша айып тағылды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2019 жылдың 8 қазан күні Қызылағаш ауылының бес тұрғыны Қытайдың жиырма шақты азаматын соққыға жығып, оның 11-і жеңіл, үшеуі орта деңгейде жараланған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5317