Дүйсенбі, 7 Қазан 2024
4519 1 пікір 27 Желтоқсан, 2019 сағат 13:01

Bek Air апатынан Informburo.kz сайтының редакторы қайтыс болды

Бүгін таңертең болған Bek Air ұшағының апатынан Informburo.kz сайтының жаңалықтар редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Сайттың мәліметінше, журналист Жаңа жылды  ата-анасымен бірге қарсы алу үшін Нұр-Сұлтан қаласына бармақ болған. 

-Дана Круглова нағыз журналист болатын. Оның мақалалары резонанс тудырды, барлық редакция үшін үлгі болды. Ол адал, батыл және сонымен бірге объективті болды. Бұл бәріміз үшін ауыр қайғы, - деді Informburo.kz сайтының бас редакторы Михаил Дорофеев.

Дана Круглова 1984 жылы 8 сәуірде дүниеге келді. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. Informburo.kz-те 2016 жылдан бастап Informburo.kz сайтында тілші болып жұмыс істеді.2019 жылдың басында ол порталдың шығарушы редакторы болған. 

Abai.kz

1 пікір