Сейсенбі, 26 Қараша 2024
3774 2 пікір 27 Желтоқсан, 2019 сағат 22:51

Bek Air компаниясы 31 желтоқсанға дейінгі 10 мыңға жуық билеттің ақшасын қайтарып жатыр

«Bek Air» әуе компаниясының 27-31 желтоқсан аралығына жоспарланған барлық рейстері орындалмайды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Bek Air» әуе компаниясы ұшырылымдарының уақытша тоқтатылуына байланысты 2019 жылғы 27-31 желтоқсан күндері аралығына жоспарланған әуе компаниясының Нұрсұлтан-Қызылорда, Қызылорда - Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан - Атырау, Атырау - Шымкент, Шымкент - Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан - Алматы, Алматы - Орал, Орал - Алматы, Алматы - Ақтау, Ақтау - Алматы, Алматы - Павлодар, Павлодар - Алматы, Ақтау - Шымкент, Атырау - Алматы, Нұр-Сұлтан - Шымкент, Алматы - Нұр-Сұлтан, Шымкент - Атырау, Атырау - Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан - Алматы, Шымкент - Ақтау бағыттары бойынша 100-ге жуық рейсі орындалмайды.

Бұл бағыттарға барлығы 9157 билет (8180 ересек, 765 бала, 212 нәресте) сатылған.

«Қазіргі уақытта әуе компаниясы 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін жоспарланған барлық рейстерге билеттердің толық құнын қайтарып жатыр» деп мәлім етті министрліктен.

2020 жылғы қаңтардың 3-10 аралығына (2020 жылғы 1-2 қаңтарға рейстер алдын ала жоспарланбаған) «Bek Air» әуе компаниясының рейстеріне 9785 (8307 ересек, 1153 бала, 325 нәресте) билет сатылған.

Осыған орай ұшырылмайтын рейстердің жолаушыларына өзге әуе компаниялардың қызметін пайдалануға, сондай-ақ басқа көлік түрлерін қарастыруға кеңес беріледі.

«Отандық әуе компанияларының мәліметінше, «Bek Air» әуе компаниясының рейстері орындалмайтынына байланысты билеттердің құны көтерілген жоқ. Тиісінше, болған апатқа орай әуе билеттері бағасының шарықтап кеткені жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды. Өйткені, Жаңа жыл қарсаңында және демалыс күндері билеттердің құны басқа күндерге қарағанда бұрыннан қымбатырақ болады. Жалпы билетті өз бағасына алу үшін делдалдардың қызметіне жүгінбей, әуе компанияларының ресми сайттарынан және аккредиттелген сату нүктелерінен алуға кеңес беріледі» делінген хабарламада.

«Air Astana» және «Qazaq Air» әуе компанияларының мәліметінше, тоқтатылған рейстердің жолаушылары 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін сәйкес бағыттарға бос орын болған жағдайда «Bek Air» әуе компаниясының рейстеріне алынған билет құнымен тасымалданады. Ол үшін билеттерді тікелей «Air Astana» және «Qazaq Air» әуе компанияларының кассаларынан алу керек. «SCAT» әуе компаниясы көрсетілген мерзімге дейін бос орындар болған жағдайда «Bek Air» әуе компаниясы жолаушыларын қабылдайды. Оған «Bek Air» әуе компаниясының өкілі ұсынған жолаушылардың мәліметтері көрсетілген табыстау тізімдемесі негіз бола алады.

Сонымен қатар, «Air Astana» 2019 жылғы 28 желтоқсанға Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасында қосымша рейстер ашты. Олар жергілікті уақытпен сағат 05:00-де және 10:00-де ұшады. Апаттан зардап шеккендердің жақын туыстары тегін тасымалданады. Оған қоса, жаңажылдық мерекелер мен демалыс кезеңінде «Air Astana» әуе компаниясы Алматыдан Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Ақтау және Атырау қалаларына қосымша рейстер ашады.

Колл-орталық телефондары:

- «Қазақстанның авициялық әкімшіліг» АҚ +77172613187;

- «Air Astana» әуе компаниясы +77172584477, +77272444477, +77027024477;

- «SCAT» әуе компаниясы +77252998880 (ішкі 277, 278);

- «Qazaq Air» әуе компаниясы +77273561414;

- «Bek Air» әуе компаниясы +77273545000, +77017334576.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3312
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6001