Сенбі, 23 Қараша 2024
3254 0 пікір 6 Қаңтар, 2020 сағат 12:41

Ливияда әуе соққыдан ондаған адам қаза тапты

Ливия астанасы Триполиде әскери училищеге жасалған әуе соққыдан кемінде 30 адам қаза тауып, 33-і жараланды. Ливия денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендердің дені курсанттар дейді.

Ливия ұлттық келісім үкіметі шабуылды жасаған Халифа Хафтардың "Ливия ұлттық армия" күші деп мәлімдеді. БҰҰ мойындағы генерал Хафтардың өкілдері болса, бұл айыптауды теріске шығарады.

Ливияда 2011 жылдан бері ішкі қарулы қақтығыстар жалғасып келеді. Үш топ билікке таласып келеді. Олар халықаралық қауымдастық мойындаған Триполидегі Фаиз Сарадждың Ұлттық келісім үкіметі мен Абдулла Абдуррахман ат-Танидің уақытша кабинеті және бұрынғы бас қолбасшы, генерал Халифа Хафтардың күші.

2019 жылы Хафтар Триполи басып алатынын жариялаған. Оны Ресей, Франция, Египет және Біріккен Араб әмірлігі қолдайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396