Өскемендегі көпқабатты тұрғын үйде өрт болып, сәби мен зейнеткер ауруханаға жатқызылды
АСТАНА, 6 қыр - Қазақстан жаңалықтары АА. Өскемендегі көпқабатты тұрғын үйде өрт болып, сәби мен 78-жастағы зейнеткер әйел кісі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ баспасөз қызметі.
Мекеменің мәліметінше, өрт өткен дүйсенбі күні кешкісін бес қабатты тұрғын үйде болған. ТЖМ бағалауынша өртенген жердің аумағы, 4 шаршы метрді құраған.
«Өрт болған жерден 25 адам, олардың ішінде 7 бала қауіпсіз жерге көшірілген. Өрттің салдарынан көмір қышқыл газдан уланып:1933 жылы туылған азаматша мен 2011 жылы туылған сәби ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.
newskaz.kz