Елімізде жұмыссыз жастардың саны 3,4 пайызға өсті
Елімізде жұмыссыз жастардың саны 3,4 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
2019 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанда 15-28 жас аралығындағы 2,1 миллион жас жұмыспен қамтылған. Бұл алдыңғы жылға қарағанда 3,8 пайызға көп.
15 пен 28 жастағылардың арасында жұмыспен қамту Алматы облысында басым: 278,1 мың адам. Одан кейінгі орында Алматы - 258,1 мың адам және Жамбыл облысында - 199,6 мың адам.
Жастар көбіне сауда-саттық және автожөндеу саласында қызмет етеді: 388,7 мың адам не 18,3 пайыз. Сонымен қатар, жастар арасында кеңінен таралған мамандықтарға ауыл, орман және балық шаруашылығы, сондай-ақ білім саласы жатады.
ТОП-5 салаға мемлекеттік басқару мен қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру (152 мың) мен өңдеу өнеркәсібі (149,6 мың) жатады.
Ал 15 пен 28 жас аралығындағы жұмыссыз жастардың саны - 84,7 мың. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда көп (81,9 адам). 2018 жылы жұмыссыз жастардың саны 3,9 пайызға, 2019 жылы 3,8 пайызға азайған.
Айта кетейік, қалалық өңірдегі жұмыссыз жастардың саны 4,2 пайыздан 4,3 пайызға ұлғайса, ал ауылдық жерлерде керісінше 3,4 пайыздан 3,2 пайызға азайған.
Abai.kz