Сенбі, 23 Қараша 2024
2402 1 пікір 15 Қаңтар, 2020 сағат 10:59

Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевты қамау мерзімі 15 наурызға дейін созылды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың қамаудағы мерзімі 15 наурызға дейін ұзартылды. Бұл туралы қылмыс әлемінің белсендісі Азиз Батукаевтың түрмеден заңсыз босатылуы бойынша өткен кезекті сот отырысынан кейін адвокат Замир Жоошев мәлімдеді.

Оның айтуынша, 14 қаңтардағы сот отырысында адвокаттардың екі өтініші қаралған.

"Алғашқысы прокурорлардың біреуін алмастыру өтініші. Себебі ол бұл іс бойынша тергеуге қатысқан. Заңға сәйкес, мұндай жағдайда прокурор алмастырылуы тиіс. Бірақ судья бұл өтінішті қанағаттандырмады. Екіншіден Алмазбек Атамбаевтың қамаудағы мерзімі 15 наурызға дейін ұзартылды", - деді Жоошев.

Аталған іс бойынша экс-президенттен бөлек бұрынғы бас прокурорлар Аида Саляноваға, Индира Жолдубаеваға, оннан асқан бұрынғы шенеуніктерге, дәрігерлерге айып тағылған.

Батукаев 2013 жылы "айықпас індетке шалдықты" деген негізде мерзімінен бұрын түрмеден шыққаннан кейін, арнайы ұшақпен Ресейге ұшып кеткен. Ішкі істер министрлігі (ІІМ) биыл бұл іс бойынша қайта тергеу жүргізіп, сотқа өткізіп берген.

Атамбаев 8 тамызда Кой-Таш ауылындағы үйінде күш құрылымдарының арнайы операциясы кезінде ұсталып, ҰҚМК тергеу абақтысында отыр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522