Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2247 0 пікір 10 Қыркүйек, 2011 сағат 06:50

20-23 қырқүйекте Алматыда «Ядролық және радиациялық физика» халықаралық конференциясы өтеді

Алматы. 9 қырқүйек.ҚазТАГ - 20-23 қырқүйекте Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнадған «Ядролық және радиациялық физика» VIII халықаралық конференциясы өтеді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ядролық орталығының (ҰЯО) ядролық физика институтынан.

«Биылғы жылы АЭС-тің заманауи жобаларын талқылау жоспарланған. Сондай-ақ, конференцияның бағдарламасына: Атом энергетикасы, ядролық физика, радиациялық экология, медицина мен өнеркәсіптегі ядролық және радиациялық әдістер, ядролық таратпау, білім технологиялары мен кадрларды даярлау салаларындағы міндеттер мен басымдықтар енгізілді», - делінген ҰЯО ақпаратында.

Хабарламада атап көрсетілгендей, ядролық физиканың фундаментальды аспектілері болмаса, атом саласының дамуы мүмкін емес. Осыған байланысты конференцияның ұйымдастыру комитеті төменгі және орталық энергиялардың ядролық физикасы, ядролық астрофизика мен термоядролық синтез салаларындағы зерттеулердің жаңа нәтижелерін, сондай-ақ, ядролық реакциялыр мен ядролардың құрылымы механизмдері, аса ауыр элементтердің синтезі мен бөлінуі бойынша зерттеулердің нәтижелерін қарап, талқылау туралы шешім қабылдады.

«Конференцияның тақырыбында радиациялық экология, соның ішінде, бұрынғы сынақ полигондарын радиоэкологиялық зерттеуге, радиациялық қауіпті объектілердің радиоэкологиялық қауіптерін төмендету технологияларына, радиоактив қалдықтарды көмудің проблемаларына байланысты мәселелер ерекше орын алады», - дейді конференцияны ұйымдастырушылар.

Олардың мәліметтеріне сәйкес, конференция барысында таратпау проблемаларына - ядролық сынақтардың мониторингіне, ядролық сынақтардың инфрақұрылымын жоюға, ядролық және радиоактив материалдардың заңсыз айналымына қарсы тұруға, жоғары байытылған уранды пайдалануды барынша төмендетуге назар аударылады.

Бұдан басқа, конференцияда білім технологиялары мен мамандарды дайындау, ҚР ҰЯО, әл-Фараби ат. ҚазМУ мен  JAEA (Жапония) арасындағы «Ядролық саланың еңбек ресурстарын дамыту» халықаралық келісімі аясында еліміздің атом саласы үшін мамандарды бірлесіп дайындауды кеңейту мәселелері де талқыланады.

Дәстүрлі конференцияны индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, білім және ғылым министрлігі, атом энергиясы жөніндегі комитет, ҚР Ұлттяқ ядролық орталығының салалық институттары бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Конференцияға Аустрия, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Бельгия, Германия, Мысыр, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Корея, Ресей, Ақш, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Жапония сияқты 19 елден 200-ден аса ғалым қатысады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502