Сенбі, 23 Қараша 2024
3712 4 пікір 17 Қаңтар, 2020 сағат 12:33

Абайды Кончаловский түсіреді деген ақпарат жалған

Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ақын туралы фильм түсірілетінін айтты. Ал, аталған фильмді ресейлік режиссер И.Кончаловский түсіреді деген ақпарат шыққан еді. Бұл пікірге отандық режиссерлар қарсылық білдіріп, сұхбат берген болатын.

Ал, бүгін елордада өткен баспасөз конференциясында Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов журналистердің аталған мәселе бойынша сұрақтарына жауап берді. Вице-министрдің айтуынша, Абайды Кончаловский түсіреді деген ақпарат жалған. Себебі, министрлік пен режиссер арасында ешқандай келісімшарт жасалып, келссөз жүргізілмеген.

Нұрғиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

-Кончаловскийдің Абай-опера фильмін түсіреді деген ақпарат шықты. Дегенмен, Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан ол режиссермен ешқандай келісімшарт немесе келіссөздер жүргізілген жоқ. Қазіргі таңда бұл ақпарат жалған. Шығармашылық адам ретінде Кончаловский, басқа да шет елдік ұжымдар біздің "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына" өздерінің сценарийлерін беруге толық құқылы. Оны сол жердегі сараптама кеңесі қабылдайтын болады. Қазіргі таңда басқа көркем фильмдерге қатысты ұсыныстар қабылдап жатырмыз. Дегенмен, Абайдың философиясын ашу үшін, данышпадығын ашу үшін фильм бір жылда түсіріледі деген сөз емес. Бұған асықпай, үлкен ыждаһаттылықпен , талғаммен келеді деген алдымызға мақсат қойып отырмыз. Ал, деректі фильмдерге қатысты қазір ұсыныстар қабылданып жатыр. Оның бәрі (деректі фильм болғаннан кейін) бір жылда бітіру жоспарлануда.

Айта кетейік, биыл Мемлекет басшысының шешімімен қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтіледі. Мерейтой аясында елімізде 500 ден астам іс-шара болады деп жоспарланған. Ал, ақынның мерейтойын өткізу үшін бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінбек.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543