Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2472 0 пікір 12 Қыркүйек, 2011 сағат 06:48

Ардақ Нұрғазыұлы. От пен судың арасында

Казантзакстың  «Исаның соңғы азғырылуы» романы туралы
Жаңа ғасыр келісімен адамзаттың сенім мәселесі көкейтесті орынға шықты. Дін төркіншілдерінің шығыста да, батыста да оқтын-оқтын бас көтеріп, саяси тұрақсыздық пен соғысқа мұрындық болуы осы күрделіліктің бір бейнесі.

Казантзакстың  «Исаның соңғы азғырылуы» романы туралы
Жаңа ғасыр келісімен адамзаттың сенім мәселесі көкейтесті орынға шықты. Дін төркіншілдерінің шығыста да, батыста да оқтын-оқтын бас көтеріп, саяси тұрақсыздық пен соғысқа мұрындық болуы осы күрделіліктің бір бейнесі.
Осыдан бір ғасыр бұрын неміс ойшылы Ф.Ницше «Жаратушы өлді!» деп жар салған болатын. Жұрт оны басында «жындының сөзі» деп қабыл алды. Себебі Ницшенің өзі өмірінің соңында есалаңға айналған. Бұның символъдық түсі де бар. Жындының қашанда реал мен елестің қоршауында өмір кешетіні белгілі. Содан әлгі өліп қалды деген «жаратушының» өзі бір емес, екі емес қайта-қайта есік қаға бастады. Жаратушыны өлдіге шығарып, арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде, адамзат құдайсыз ақылдық дәуірге емес, көп құдайлылыққа, анықтап айтқанда қасиетінен айрылған, елестер шырмаған дәуірге аяқ басты. Бұл дәуірдің басты ерекшелігі адам жаны қуыс қурай сияқты (1948-жылғы Нобель сыйлығының иегері Англия ақыны Т.Элиот «Қуыс адам» (1925ж.) шығармасында осы тақырыпты қаузаған болатын) азынаған желде тынымсыз құр жаңғырғандай күйге түсті. Адамзаттың бұлайша жалғыздықтан жабырқап, сенімнен айырыла, жетімдік көрунің өзіндік сыры бар. Греция жазушысы Н.Казантзакстың «Исаның соңғы азғырылуы» романы осы сырдың жұмбағын шешеді. Батыс өркениетінің қайнар-көзі есептелетін, сан тарау аңыз қаулап шығып жатқан ескі жұрт - Грецияда туғандығынан болар, Н.Казантзакстың мифтерге құштарлығы сонау бала жасынан-ақ ерекше болған. Сол құштарлық  оны пайғамбар жасына келгенде адамзат жаратқан ең үлкен мифтердің бірі - Исаның - адамзат сенімнің көкжиегінде тұрған, басында сырлы нұр шеңбері бар тұлғаның бетпердесін сыпырып тастауға жетеледі. Бұл қадам «жаратушы өлді!» деп жар салғаннан кейін дәл жарты ғасыр өткенде туылды.  «Исаның соңғы азғырылуы» романы 33 тараудан тұрады, бұл Исаның 33 жасын меңзейді. Роман киелі кітаптың жүлгесін қуып жазылғанымен, артқы көрінісі жазушының туған жері - Грецияның Телклит аралындағы дихандар өмірінен алынған. Роман образды, жерлік махамға бай гректің халықтық тілімен жаылған. Романдағы Иса жұрт көкірегіндегідей өзінің әр ісіне сенімді, жаратушының «ұлы» бейнесінде көрінбейді, қайта адамға тән әлсіздігі бар пенде баласы болып суретеледі. Бұл кітап осы пенде баласының өз бойындағы әлсіздігімен: нәпсі, қорқыныш, қайғы, елігу, сондай-ақ өлім елесі алдындағы жан ұшыра жан таласқандағы болмысына құрылған. Роман басталғанда Иса өзінің басқалар бұрын-соңды қадам басып көрмеген жолға түскеніне бола не істерін білмей дағдарады. Соңынан уақыт өте келе өзіне жүктелген міндеттің сырына қаныға бастайды, ал өлер шағында басқалар оны ештемеге қарап жатпастан тағдырды бағындырған қаһарман ретінде қабылдап, бастарына көтереді.  Адам бойындағы ең үлкен әлсіздік - оның тән мен рухтың айырылмас бірлігінен жаралғандығында, бұл екі күш күні-түні бірін-бірі қалт жібермей аңдмен өмір сүреді. Н.Казантзакс осы түйіннен мықтап ұстаған. Романның оқиғасы күрделі емес: бір жас жігіт үрейлі түс көре бастайды; түсінде ол өзін біреулердің жанталаса іздеп жүргенін, олардың мақсаты оны құтқарушы етіп алмақшы екенін біледі. Нашлиенің бұл ағаш шебері осындай түстер көретін, әлде бір қолдың - жаратушының алақаны төбесін сипағанын сезеді. Ақыл тоқтата келе ол өзін шырмаған бұл елестерден құтылудың жолын қарастыра бастайды. Оның сонда тапқан бар айласы нәпсіге беріліп, жамандық істеп, жаратушыны өзінен бас тартуға көндіру болады. Иса бала жасынан өзімен көрші тұратын рабидің қызы Марияны ұнатады, оны әйел қылып алсам деп армандайды, бірақ бұған жаратушы көнбейді. Содан ол Мариядан айрылады. Исадан кеткен Мария кейін жезөкше болып кетеді. Өзін қуыршақтай ойнатып, дегенін істетіп, адамдық болмыста қалуына жол қоймаған жаратушыға Иса тоз-тозы шыққан бір шіркеуде: «Мен жақсы асты, арақ пен әйелді жақсы көремін. Менің әйел алып бала сүйгім келеді... Мені айналдыра бергенді қой... Менің Марияны жар еткім келеді, мейлі, ол жезөкше болып кетсе де маған бәрібір. Сен мені жөніме жібер де, басқа біреуді тауып ал (Құтқарушы етіп таңдап ал). Менің сенімен отаса алатын түрім жоқ... Менің өмірбойы айшық көтергім келмейді... Сенің еркіңе сай кім айшық көтерсе, сол түбінде айшыққа шегеленетін болады» деп ағынан ақтарылады. Романда Исаның айшыққа шегеленген көрінісі діни кітаптардағы көрініспен ұқсап кетеді. Тек ұқсамайтыны айшықта тұрған Иса өзінің пенде баласына тән нәпсісін тимайды, аздырылады. Оны аздырған сайтан да, басқа да емес, өзінің нәпсісі - адамға тән еді болады. Ол Марияны, тамақты ойлайды, дегенмен бір өзгешелігі романда айшықта шегеленіп тұрған Исаны соңында періштелер шешіп алып, оған азаттық береді. Содан бастап Иса жұрт көзінен тасаланып өмір кешеді, әйел алып, бала сүйеді. Романда жасы жетіп қартайған Иса есіктің алдында отырып, өзінің өткен күндерін есіне алады. Барлық қасіретті, торығуды, айшықты артта қалдырып, ең соңында осының бәрінен арылып, бақытқа жеткеніне бола қуанышқа шомады. Кітаптың талас тудырып, біраз елді шулатқаны да бар. Романда бір кезде Исаның соңынан ерген мүриттерге енді Юда (кезінде Исаны өлімге байлап берген сатқын) жетекші болады. Ол Исаны сатқын, өз сенімін аяққа таптаушы деп уағыз айтады. Көп жылдар өткеннен кейін, алдына кеп даурыққан бұл топқа Иса «Айшық сендердікі болсын, сендер соған қажетсіңдер; бұдан бас тартам десеңдер де бас тарта алмайсыңдар, себебі өлім елесі сендердің қыр соңдарыңнан қалмайтын болады» дейді. Бүгінгі біздің басымыздағы мәселегеде кітап осы тұрғыдан жауап берген. Әсілінде адам қажетсінуден барып бір сенімге ұмтылады. Бүгін де біздің ортамызда бұндай ұмтылыс екі түрлі бейнеде көзге түсіп отыр, бірі, сенімінен айрылған құдайсыздық немесе тән құмарлығына салынып, адамдықтан азғындау, енді бірі, дін қағидасына көзсіздікпен берілу немесе діннің қасаң қағидасымен қарулана отырып, адамдық болмыстан арылу. Бүгінде біздің қоғамда осы екі түрлі жағдай қатар етек алып тұр. Олар от пен су сияқты алысып жатыр. Екеуінің көздегені де адам. Алдыңғылар тойымсыз ашкөздікке салынып, өзімшілдікпен бар дүниені жалмап кетердей, дүниеқоңыздыққа беріліп, сонымен өзінің рухани кедейлігін толтырудың қаразында; соңғылары өзінің адамдық бар болмысын «Киелі кітаптарда» жазылған қағидаларға айырбастап, одан басқаның бәріне жауыға, жауласа қарап тіпті соның жолында қан төгіп, жан алуға да дайындалып, өз бостығын міне осындай көзсіз берілу-табынумен толтырғысы келеді.  Бүгін қоғам осы екі топтың қысымына қатар ұшырап отыр. Олар бізді екі өкпеден қысып, өз дегендеріне көндірудің қамында. Ендеше өзімізге тиесілі - адамға тән орнымыз қайда? Бұл сұраққа Н.Казантзакст өз қаламынан туған Исаны алға тартады. Романдағы Иса пенде болғанымен, дүниеқоңыз, өзімшіл емес, өзгелерге аяушылығы, махаббат сезімі бар адам, одан қалса Юда сияқты жаратушыны ауызға алып тұрып өз мақсаттарын көздейтін, қара ниеті қабынған әлдекімдердің азғыруына да түспейтін, діни сауаты жоғары адам. Романда Иса жоғарыдағы екі топтың қысымына бірдей ұшырайды. Бірақ, ақырында олардың илеуінен аман құтыла отырып, өзінің адамдығын сақтап қалады.
Н.Казантзаксттың бұл романы 1954 жылы жарияланды. Кітап жарыққа шығысымен Батыстың бір қатар діни ұйымдары жазушыны «дінді, қасиетті рухты қорлады!» деп даурығып, романның таралуына шектеулер жасады. Бұл айтыс-тартыс ұзақ жылдарға жалғасты, тіпті жазушы өмірден өткеннен кейін де толастаған жоқ. 1988 жылы осы романға негізделіп түсірген кино да көп шу-шырқанға негіз болды. Бірқатар елдер  киноны өз елдерінде қоюға тиым салды.
Ұзақты көріп, тереңді болжаған жазушының бұл ұлы еңбегінің құны уақыт өткен сайын артып келеді. Жер басып жүрген әрбір пенденің рух пен тәннен жаралғанын ескерсек, осы бірлестікке көзқарасының айқындығымен бұл кітап мәңгілікке құнды болып қала беремек.
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502