Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1702 0 пікір 13 Қыркүйек, 2011 сағат 06:42

2011 жылғы республикалық бюджеттің кірісіне түсімдер бойынша болжам ұлғайтылып, Т183,1 млрд деп түзетілді (толықтыру)

Астана. 13 қырқүйек. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Қазақстан үкіметі 2011 жылғы республикалық бюджеттің кірісіне түсімдер бойынша болжамды ұлғайтып, Т183,1 млрд деп түзетті, деп мәлім етті ҚР экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов.

«2011 жылға нақтыланған макрокөрсеткіштердің негізінде бюджеттің өлшемдері нақтыланды. Экономика дамуының түзетілген көрсеткіштерін ескере отырып, мемлекеттік бюджетке 270,2 млрд теңге және республикалық бюджеткен 183,1 млрд теңге көлемінде қосымша түсімдер болжанып отыр», - деді ол сейсенбі күні үкімет отырысында.

Министрдің нақтылауынша, болжамды нақтылауға 2010 жыл үшін ЖІӨ болжам базасының ұлғаюы, жыл басында болжанғаннан жақсырақ дамыған экономика салаларының даму көрсеткіштері сияқты факторлар негіз болды. Оның айтуынша, қуат ресурстарының, ауыл шаруашылық өнімдері мен металдардың әлем нарықтарындағы бағалары да жоғары болады деп күтіліп отыр.

«Үстіміздегі жылдың қаңтар-тамызында Brent сұрыпты мұнай бағасы баррелі үшін 111,6 долларды құрады, 2011 жылы мұнайдың әлемдік бағасы бойынша болжам баррелі үшін 65доллардан 90 долларға дейін ұлғайтылды. Бұл деңгей бағаның жыл соңында арзандау қаупін ескеретінін атап көрсету керек», - деді Қ. Келімбетов.

Оның мәліметтеріне сәйкес, нақтыланған бағалауға сәйкес, 2011 жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 6%-ға артып, бұрын болжанған мәннен 1,2 пайыздық тармаққа артық.

2011 жылы мұнай өндіру көлемі бұрынғы болжамға сәйкес, 2010 жылға қатысты 1,9%-дық өсіммен 81 млн тонна көлемінде болжанып отыр.

Министрдің ақпаратына сәйкес, 2011 жылы тауарлар экспорты $76,3 млрд құрайды, бұл бекітілген болжамнан 17,2 млрд-қа артық.

2011 жылы тауарлар импорты $38,4 млрд құрайды, бұл да бұрынғы болжамнан көп.

ҚР қаржы министрі Болат Жәмішевтің айтуынша, түзетілген болжамның нәтижесінде 2011 жылғы республикалық бюджеттің шығыстары Т5170,2 млрд құрайды, бұл бекітілген бюджеттен (Т4952 млрд) Т217,8 млрд-қа артық.

«183,2 млрд теңге көлеміндегі қосымша түсімдерді, дефициттің 34,6 млрд теңгеге артуы мен 93,2 млрд теңге бос қаржыны басымдықты бағыттарға бағыттау жоспарланған. Жалпы сома 311 млрд теңге», - деді Б. Жәмішев.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527