Мұхтар Шерім. Ештеңенің керегі жоқ!
Миллиардердің баласы еріккен күні Каспий теңізінде балық аулап отырған. Қармағының қалытқысы бүлкілдей бастағанда, тартып қалып еді, құйрығы күнге шағылысып, алтын балық жағада жарқ-жұрқ етіп жатты. Кәдімгі ертегідегі алтын балықтың өзі! Быттиған беттерінің арасына мұрыны «жасырынып» қалған байдың баласы, қолына ұстай беріп еді, алтын балық сөйлеп қоя берді.
- Мырза, мен алтын балықпын ғой...
- Болсаң қайтейін?
- Алтын балықпын деймін...
- Немене, мені алтын көрмеді деп пе едің?
- Үш тілегіңізді айтыңыз, орындайын. Сосын мені жібере салыңыз...
- Менде тілек жоқ...
- «Мемлекеттік тіл» дегендеріңізбен, қазақ тілдеріңіз мүгедек екен. Шала қазақтарды қазақша сөйлетіп жіберейін бе?
- Зачем?-деп ыңыранды миллиардердің баласы.
- Орыстардың «Лад» деген қозғалысы тілдеріңізге шабуыл жасай береді екен. Ауыздарына айран құя салайын ба?
- Маған қызық емес...
- Алтын керек пе?
- Итак навалом менде...
- Үш емес, үш жүз тілек айтыңызшы, ауа жетпей бара жатыр...
- Ой, не надо мне тілек...
- Мұнай беремін...
- Мұнай папамда бар...
- Қымба-ат маркалы машина берейін...
- Жер бетіндегі қымбат машина өзімде... Керек емес!
- Айналайын... жіберші мені... Атың кім?
- Талтаңбай...
- Жасың нешеде?
- Жиырма сегізде.

- Менен бір жас кіші екенсің... Інішек, жібере салшы, үстім кеуіп барады...
- Жібермесем ше?
- Тілектеріңді орындамаймын...
- Орындамай-ақ қой... Менде бәрі жетеді...
- Ит адам екенсіз!-деді алтын балық жыламсырап.
- Немене, немене?
- Жүрегіңіз мрамор екен...
- Кончай, а? Маған ештеңенің керегі жоқ!
- Олай болса, тәңір жарылқасын, мені теңізге лақтырып жіберіңіз...
- Ішім пысып отыр... Карта ойнай аласың ба?
- Ойнайын.
- Қандай түрін? Преферанс, күліс...
- «Қара қатын»...
- Кеттік!
Байдың баласы қалтасынан алтылық ойын картасын шығарды. Алтын балық алқынып:
- Егер мен жеңіп, сіз «қара қатын» болсаңыз, мені жібересіз бе?
- Көреміз...
Екеуі жағада карта ойнай бастады. Байдың баласы ұтылып, «қара қатын» атанды. Қуанып кеткен алтын балық:
- Қара қатын, қара қатын! Негр қатын!-деп құйрығымен мұның бетіне шапалақтады. Сосын мұңайып:
- Мені теңізге жіберіңізші...-деп өтінді.
- Жібермеймін...
- Қатын екенсіз ғой!
- Немене, немене?
- Кейбір екі жүзді әйелдер сияқты екенсіз деймін...
- Кончай, а? Қазір уысымда тұрсың, бір сықсам, ішек-қарның аузыңнан шығады!
- Сізді депутат етіп жіберейін...
- Ненавижу... маубас депутаттарды...
- Сенатор...
- Керегі жоқ.
- Енді кім болғыңыз келеді?
- Құдай...
- Кешіріңіз, құдай етуге құдыретім жетпейді... Өйткені, Құдайдың өзі мені жаратты... -деген алтын балық талықсып бара жатты. Сосын көздерін сығырайтып ашып:
- Інішек, мен өлген соң, денемді теңізге лақтырып жіберші... «Су баласы суға қарап өседі» дейді біз жақта... -деді де, жыбыр-жыбыр етіп барып, жүре берді...
- Зачем?-деді байдың баласы, --сен маған өлген соң ғана қымбатсың!
Шынында солай болып шықты, ештеңені керек етпейтін кеңкелесіміз балықты күнге кептіріп, қақтады да, сыртына лак жағып, жылтыратып, әйелінің алтын «цепочкасына» тағып қойды... Ит балық болса, лақтырып жіберер еді, алтын балық қой...
«Абай-ақпарат»