Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1975 0 пікір 13 Қыркүйек, 2011 сағат 06:45

Қызылордада рухани веб-портал ашылды

Қызылорда. 13 қырқүйек. ҚазТАГ -  Облыс орталығында радикализм мен экстремизмнің алдын алуға бағытталған antisekta-kyzylorda.kz веб-порталының тұсаукесері өтті, деп хабарлады облыстық дін істері жөніндегі департаменттің директоры Бақытжан Камалов.

Оның айтуынша, портал дәстүрлі діндердің идеяларын да насихаттайды. Негізінен халқымыздың тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне басымдық беріледі. Материалдар қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

Облыстық ІІД экстремизммен күрес бөлімінің бастығы Қуаныш Оразовтың ақпаратына сәйкес, аймақта түрлі діни ұйымдардың жүз елуге жуық филиалы тіркелген. Олардың бәрі бірдей ҚР заңдарын сақтамайды.

«Мысалы, «Таблиғи жамағат» ұйымы адамдарды іс жүзінде исламға еш қатысы жоқ діни ағымға тартумен белсенді түрде айналысып отыр», - деді ол. Оның қызметіне тыйым салынған. «Дін мемлекеттен бөлек болса, мемлекет діннің істеріне араласпасын» деген желеумен тіркелуден бас тартатындары да бар».

Христиан-баптистердің «Грейс» діни ұйымына қатысты былтыр 22 әкімшілік іс қозғалып, сотқа жіберілді. Айыппұл төлесе де, олар тіркелуден бас тартты, ал бұл - заң бұзу.

«Осыған байланысты бұл бірлестіктің қызметі тоқтатылды», - деді Қ.Оразов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524