Жексенбі, 4 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2398 0 пікір 13 Қыркүйек, 2011 сағат 06:46

Сәрсенбі күні Қала күніне орай «Алматы бейнесі» фотокөрмесі ашылады

Алматы. 13 қырқүйек. ҚазТАГ - Алматы қаласының күнін ресми мерекелеу аясында 14 қырқүйек күні сағат 18-де Ш. Уәлиханов ат. алаңда «Алматы бейнесі» фотокөрмесі ашылады, деп хабарлайды шараның ұйымдастырушылары.

«Көрменің басты идеясы - қала тұрғындары мен қонақтарына соңғы 100 жылда Алматы қаласының архитектуралық келбетінің өзгеру тарихын көрсету»», - делінген ақпаратта.

Көрмеге Алматы қаласының XX-XXI  ғасырлардағы архитектуралық келбеттерінің 60 бірегей фотосуреті қойылады. Көрме барысында ҚР сәулетшілер одағының мүшелері фотосуреттерге қажет түсініктемелерді беретін болады.

«Көрме тақырыптар бойынша үшке бөлінеді: «Алматы кеше», ол қаланың құрылуына арналады; «Алматы бүгін»- қазіргі қала туралы және «Алматы ертең»- бекітілген архитектуралық жобалардың фотосуреттері», - дейді ұйымдастырушылар.

«Бұл шара қаладағы сәулет нысандарының құрылыс тарихымен таныс азаматтар тарапынан оң бағаланады, сондай-ақ, оның жастар үшін тәрбиелік мәні бар», - дейді ҚР сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Рүстембеков.

Шара Алматы қ. әкімдігінің қолдауымен, «Казинкомбанк» АҚ демеушілігімен өтеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1033
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 1164
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 1133